Сандарды көбейтіндіге көбейтіп есептер шығару
Математика • 4-сынып
Сабақтың оқу мақсаты: санды көбейтіндіге көбейту.
Басталуы (2 минут)
Ұйымдастыру: сәлемдесу.
«Шаттық шеңбері»: тілек айту арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жанындағы оқушыға өз есімінің бас әрпінен басталатын жылы сөз айту.
«Адасқан сандар» әдісі бойынша топқа бөлу.
Ортасы (5 минут)
Блум таксономиясының категорияларын қолдану. «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру.
1-сұрақ
1 ғасырда неше жыл бар?
2-сұрақ
1 аптада неше тәулік бар?
3-сұрақ
1 см-де қанша мм бар?
4-сұрақ
1 кг-де қанша г бар?
5-сұрақ
1 км-де неше метр бар?
6-сұрақ
1 метрде қанша см бар?
7-сұрақ
1 тоннада қанша кг бар?
8-сұрақ
1 сағатта қанша минут бар?
Білу: ой қозғау
Сандарды көбейтіндіге көбейту арқылы есептер шығару. Негізгі идея: көбейтудің терімділік қасиеті.
Жалпы түрі
a · (b · c) = (a · b) · c = (c · a) · b
1-тәсіл
3 · (2 · 5) = 30
2-тәсіл
(3 · 2) · 5 = 30
3-тәсіл
(5 · 3) · 2 = 30
Негізгі қорытынды
Екі көбейткішті олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл есептеуді жеңілдетіп, нәтижені жылдам табуға көмектеседі.
Тақырып: Санды көбейтіндіге көбейту.