Екінші сөйлемді дәлелде
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы
Хабарлы сөйлем
Жалпы мақсаты
Хабарлы сөйлем туралы түсініктерін нақтылап, білімдерін арттыру.
Күтілетін нәтижелер
- Сөйлем түрлерін ажырата алады.
- Сыни тұрғыда ойланып, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақ түрі және әдіс-тәсілдері
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс.
Тапсырмалар мен қажет құрал-жабдықтар
Тапсырмалар
- Қазақша дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
- Нақыл сөздің мағынасын талдау.
Керекті жабдықтар
- Интербелсенді тақта
- Бор, маркер
- А3 парағы
Сабақтың барысы
1) Кіріспе
Амандасу, топқа бөлу, психологиялық дайындық
Мұғалім әрекеті
- Оқушылармен амандасады.
- Топқа бөледі.
- Психологиялық дайындық ұйымдастырады.
Оқушы әрекеті
Оқушылар амандасады және төмендегі жолдарды мәнерлеп айтады:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Топқа бөлінеді.
2) Тұсаукесер
Үй тапсырмасын тексеру және бағалау
Мұғалім әрекеті
- Үй тапсырмасын тексереді.
- Сұрақтар арқылы өткен тақырыпты пысықтайды:
- Мәтін деген не?
- Қандай түрлері бар?
- Сөйлем дегеніміз не?
Оқушы әрекеті
- Оқушылар бір-бірін қадағалап, бағалайды.
- Сұрақтарға жауап береді.
3) Негізгі бөлім
Көрнекілік, оқулықпен жұмыс және топтық тапсырмалар
Көрнекілік арқылы жұмыс (Астана)
Мұғалім Астана қаласының суретін слайд арқылы көрсетеді.
Бағыттаушы сұрақтар
- Тақтаға назар аударайық. Суретте не бейнеленген?
- Сурет бойынша қысқаша мәтін құрап жаз.
Оқушы әрекеті
Оқушылар мәтін құрап, интербелсенді тақтаға жазады және оқып береді.
Оқулықпен жұмыс
169-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы.
- Әр сөйлемде не туралы айтылғанын анықта.
- Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
170-жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.
Мәтінге ат қой.
Дыбыстық тапсырма (Бұлбұл)
Слайд арқылы бұлбұлдың суреті көрсетіліп, дыбысын тыңдайды.
171-жаттығу: жеке, жұптық және топтық жұмыс
Тапсырма 1: сөздерді топтастыру
Сөздерді оқып, әйелдердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек, ерлердің киімін білдіретін сөздерді бір бөлек топтастырып жазыңдар.
Тапсырма 2: сөйлем құрастыру (топпен)
Алдыңғы жаттығудағы қарамен жазылған сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар:
- 1-топ: орамал
- 2-топ: құлақшын
- 3-топ: қамзол
Қорғау
Әр топ суретке қарап, қысқаша мәтін құрап оқиды. Әр топтан бір оқушы шығып, жұмысты қорғайды.
Бағалау
Топ басшысы бағалау парағына ұпай қойып, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалап отырады.
Оқушы әрекеті
- Оқушылар оқып, түсіндіреді және тапсырмаларды орындайды.
- Құрған сөйлемдерін дауыстап оқиды.
- Жұмыс нәтижесін топпен талқылап, қорғайды.
4) Қорытынды
Шығармашылық тапсырма және қорытынды пікір
Шығармашылық тапсырма
Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелдеңдер:
- 1-топ: бірінші сөйлемді дәлелде.
- 2-топ: екінші сөйлемді дәлелде.
- 3-топ: үшінші сөйлемді дәлелде.
Оқушы әрекеті
- Оқушылар бірлесе жұмыс жасап, ортақ шешімге келеді.
- Әр топтан бір оқушы шығып, топ жұмысын қорғайды.
5) Үй тапсырмасы
174-жаттығу: жоспар бойынша әңгіме құрастыру
Жоспар
- Жалғыз басты әжей.
- Кішкентай қамқоршылар.
- Балалардың әжейге көмегі.
- Мереке күндері.
Оқушы әрекеті
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
6) Бағалау
Бағалау парағы бойынша қорытынды ұпай
Бағалау тәртібі
Топ басшысы бағалау парағындағы ұпайларға сүйеніп, оқушыларды бағалайды.
Нақтылау
Бағалау барысында оқушының белсенділігі, тапсырманы орындау сапасы және топтық жұмысқа қатысуы ескеріледі.