Оқушы дайындығын тексеру
Сабақтың тақырыбы
Ондық бөлшектер (презентациямен)
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Негізгі формат
Ой қозғау, сұрақ-жауап
Сабақ кезеңдері
1) Ұйымдастыру
Сыныпты жұмысқа бағыттау және мақсатты нақтылау.
Мұғалімнің қызметі
- Сәлемдесу.
- Сыныпты түгелдеу.
- Оқушының дайындығын тексеру.
- Сабақтың мақсатын хабарлау.
Оқушының қызметі
- Сәлемдесу.
- Екі топқа бөлініп отыру.
- Әр топтың өзін таныстыруы.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Есептерді талдау және жауаптарды нақтылау.
Мұғалімнің қызметі
Оқушыларды тыңдай отырып, қосымша сұрақтар қояды және орындалған тапсырмаларды нақтылайды.
Оқушының қызметі
- №894 және №898 есептерді жай бөлшектен қысқартып, ондық бөлшек түрінде жазады.
- Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауабын толықтырады.
3) Өткенді қайталау
Ондық бөлшектер туралы негізгі ұғымдарды бекіту.
Қайталау сұрақтары
- 1 Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
- 2 Бөлімі 10, 100, 1000, ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
- 3 Сан ондық бөлшек түрінде жазылғанда үтір қай жерге қойылады?
- 4 Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі цифрлар саны қалай анықталады?
- 5 «Үш бүтін мыңнан он жеті» саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндір.
Жұмыс тәртібі
Оқушылардың әрекеті
Оқушылар кезектесіп жауап береді, қажет болған жағдайда бір-бірінің жауабын толықтырады.
Бағалау
Дұрыс жауап берген оқушыға ұпай қосылады.
Ескерту
Қосымша сұрақтар арқылы жауаптың дәлдігі мен түсіндіру сапасы нақтылады.