Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Наурыз мерекесі. Фонетика және септіктерді қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Мереке туралы айта алуға және мерекенің қалай өтетінін сипаттауға үйрету.
- Сөздерге фонетикалық талдау жасауға, септеуге, тәуелдеуге, жіктеуге дағдыландыру.
Оқу нәтижелері
Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қорды пайдаланып, қарапайым үлгі құрылымдар арқылы өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды сөйлей алады.
Түйінді идеялар
- Оқушылардың іс-әрекеті арқылы ізденімпаздық қалыптастыру.
- Тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтап, соған сай шешім қабылдау.
Оқыту тәсілі
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
- Өткен сабаққа шолу: мемлекеттік мерекелер.
- Миға шабуыл.
- Сөзжұмбақ шешу: «Наурыз».
- Сабақтың мақсатын бірге құрып, тақтаға жазу.
Тапсырмалар топтамасы
Негізгі жұмыс «Дана үкі» стратегиясы аясында жүргізіледі.
1-тапсырма
- І топ: мәтінді оқып, түсіндіру.
- ІІ топ: мәтінді орыс тіліне аудару.
- ІІІ топ: мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2-тапсырма
Сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру.
І топ
Мен өлең оқып отырмын.
ІІ топ
Мұғалім мені тыңдап отыр.
ІІІ топ
Әсет домбыра тартып отыр.
3-тапсырма
Фонетикалық талдау жасау.
І топ
мейрам
ІІ топ
наурыз
ІІІ топ
көже
4-тапсырма
Сөздерді септіктерге қойып жазу.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.
Қосымша материалдар
Тақырыпты тереңдетуге арналған қосымша мәтіндер мен үлестірмелер.
Бағалау және рефлексия
Рефлексия
- Тест тапсырмасы: «Бүгін қандай тақырып өттік?»
- Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Бағалау
Оқушылар бағалау парақтары арқылы өз білімін бағалайды. Мұғалім қалыптастырушы бағалау нәтижелерін ескере отырып, қорытынды кері байланыс береді.
Үй тапсырмасы
Карточкамен жұмыс.
Қажет болса, сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеп алуға болады.
Толық нұсқасын жүктеу