Қажетті құралдар
10-сынып. Ағылшын тілі
Бұл сабақ жоспары Third Conditional (Шартты сөйлем III) тақырыбын меңгертуге арналған. Сабақ құрылымы оқушылардың грамматикалық форманы түсініп қана қоймай, оны сөйлеуде және талқылауда орынды қолдануына бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
Third Conditional (Шартты сөйлем III)
Сабақтың мақсаты
Шартты сөйлем III-тің If + Past Perfect + would (not) have + Past Participle формасы арқылы жасалатынын меңгерту және оны сөйлем құрауда, топтық талқылауларда қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтиже
Кейбір оқушылар шартты сөйлем III-тің жасалу формасын жатқа біледі; ал кейбірі оны ажыратып, жаттығуларда және талқылауларда еркін қолданады.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері
- Миға шабуыл әдісі
- «Бір минуттық эссе» әдісі
- «Бес сөз, бір сурет» әдісі
Қажетті құралдар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут- Оқушылармен амандасу.
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Сергіту мақсатында «Бір тілек» тренингін өткізу.
Үй тапсырмасын сұрау
5 минутОқушыларға келбетті сипаттайтын сөздерді мағынасына сәйкес тауып, аударып, тиісті орынға қоюды талап ететін жаттығуы бар слайд көрсетіледі.
Жаңа сабақтың таныстырылымы
7 минутАКТ көмегімен шартты сөйлем III-ті бейнелейтін суреттер көрсетіледі. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың айтқан әрбір сөйлемі тақтаға жазылып, әрі қарай талқылауға негіз болады.
Негізгі формула (есте сақтауға)
If + Past Perfect + would / wouldn’t have + Past Participle