Теңіздер мен көлдер
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Балманова Гульмира Советқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №71 мектеп
Пән / Сынып
География
5-сынып
Тақырып
Өзендер
Аралас сабақ • Топтық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға өзен және өзен жүйесінің бөліктері, олардың орналасу ерекшеліктері және шаруашылықтағы маңызы туралы білім беру.
Дамытушылық
Дүниетанымдық қабілеттерін, ойлау мен сөйлеу дағдыларын дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік
Сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке тәрбиелеу; табиғатты аялауға және оны қорғауға баулу.
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Түсіндіру
Пәнаралық байланыс және көрнекілік
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ әдебиеті.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- а)Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- ә)Сынып тазалығына назар аудару.
- б)Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Мұхит», «Теңіз», «Көл».
- в)Назарларын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: «Теңіздер мен көлдер» тақырыбын қайталау және кескін картаға ірі теңіздер мен көлдердің атауларын түсіру.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылап, келесі бөлімге өтеді.
Қайталау тапсырмалары (1-кезең — «Бой сергіту»)
Барлық 3 топқа ортақ 9 сұрақ.
- 1. Теңіз дегеніміз не?
- 2. Көл дегеніміз не?
- 3. Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз? (ішкі, шеткі, арал аралық)
- 4. Бұғаз деп нені атайды?
- 5. Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?
- 6. Шығанақ дегеніміз не?
- 7. Дүние жүзіндегі ең терең көл қайсы?
- 8. Дүние жүзінде жалпы қанша теңіз бар?
- 9. Адамдар үшін көлдердің қандай пайдасы бар?
2-кезең — «Бейнесіне қарап тап»
Оқушыларға теңіз, көл, шығанақ және бұғаздардың суреттері көрсетіледі. Әр топ суретке қарап дұрыс нысанды анықтайды.
«Мұхит» тобы
- Арал
- Чад (Африка)
- Ла-Манш
«Теңіз» тобы
- Балқаш
- Жерорта
- Парсы
«Көл» тобы
- Каспий
- Араб
- Мексика
Ескерту: тапсырмада кей атаулар әдейі «араластырылып» беріледі — мақсат оқушылардың жіктеу дағдысын дамыту.
3-кезең — «Адасқан балық»
Тақтада аквариумда жүзіп жүрген балықтардың суреті беріледі. Әр топтан бір оқушы шығып, балықтың артындағы сұраққа жауап береді де, оны өзі таңдаған көлге немесе теңізге «жібереді».
- 1-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз: Қызыл теңіз.
- 2-сұрақ. Дүние жүзіндегі ең ұзын бұғаз: Мозамбик.
- 3-сұрақ. Картада Балқаш көлі неге екі түрлі түспен беріледі?
- 4-сұрақ. Біздің облысымызда қандай теңіз бар?
- 5-сұрақ. «Тайқазаным күні бойы қайнайды, ортайып та, сарқылып та қалмайды» — бұл не? (көл)
- 6-сұрақ. Еуразия мен Африка материктерін бөліп тұрған бұғаз: Гибралтар.
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Жұмбақ
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты.
Жауабы: Өзен
Жаңа сабақ: «Өзендер»
Жұмыс түрлері
- Ауызша баяндау
- Картамен жұмыс
- Оқулықпен жұмыс
- Дәптермен жұмыс (конспект)
Ой қозғау сұрақтары
Қазақстанда қандай өзендер кездеседі?
Өз өңірлеріңде қандай өзен бар?
Негізгі ұғымдар
Өзен — табиғи жолмен қалыптасқан арна арқылы ағатын су.
Жер шарында миллионнан астам өзен бар; Қазақстанда шамамен 85 мың өзен кездеседі.
Бастау
Өзеннің басталар жері. Көп өзендер бастауын таулардан алып, көлге, теңізге немесе мұхитқа құяды.
Саға
Өзеннің көлге, теңізге немесе мұхитқа барып құятын жері.
Өзен аңғары
Ағып жатқан судың әсерінен төмен ойылған, өзен алқабындағы жер бедері.
Жайылма
Өзен тасыған кезеңде екі жағалауға уақытша жайылатын сулы алап.
Өзен алабы — бастауынан сағасына дейінгі аралықта өзен суын жинайтын аймақ.
Әдеби байланыс: Шу өзені туралы
Ілияс Жансүгіровтің сипаттауынан үзінді.
Шу әне, тауды тарпып, шыққан тулап,
Ойнақтап, ырғи, жосып таудан тулап.
Асқардың ақтарылған ағы емес пе,
Қарқ болған қырғыз-қазақ суын сулап.
Өзендердің шаруашылықтағы маңызы
- Ежелгі өркениеттер өзен бойында дамыды (Ніл, Тигр, Евфрат, Ганг, Хуанхэ, Янцзы).
- Құлап аққан су арқылы электр қуаты өндіріледі.
- Кеме қатынасы жолаушы және жүк тасымалын қамтамасыз етеді.
- Өзен суын фабрикалар мен зауыттар кеңінен пайдаланады.
Ерекше өзендер (мысалдар)
Ніл
Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен: 6671 км. Африкада орналасқан.
Амазонка
Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен. Оңтүстік Америкада орналасқан.
Конго
Экватор сызығын екі рет кесіп өтетін өзен. Африкада орналасқан.
Ертіс
Қазақстандағы ең ірі өзендердің бірі.
Жаңа сабақты бекіту
«Кім жылдам?» сұрақтары
- Өзен дегеніміз не?
- Өзендер картада қалай белгіленеді?
- Өзеннің құятын жерін қалай атайды?
- Дүние жүзінде қанша өзен бар?
- Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан?
- Өзеннің жайылмасы деген не?
- Өзеннің неше саласы болады?
- Біздің облысымыздан қандай өзен ағып өтеді?
- Өзеннің шаруашылықтағы маңызы қандай?
- Дүние жүзіндегі ең ұзын өзенді атап, картадан көрсет.
Қорытындылау
Топтардың жұмысы қорытындыланып, жеңімпаз топ анықталады. Белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Топтағы белсенділік танытқан оқушылардың жұмысы бағаланады.
Үйге тапсырма
- 23-тақырыпты оқу.
- Кескін картаға дүние жүзіндегі ірі өзендерді түсіру.