Кекілді қыз

Тәрбие сағатының өзегі

Еліміздің бүгінгі күні мен ертеңі — болашақ жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында. (Н. Назарбаев)

Қош келдіңіздер!

Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын!

Кеш жарық, құрметті көрермендер!

Қош келдіңіздер, ақ ниетпен келген ұстаздар қауымы!

Қош келдіңдер, жалынды жастар қауымы!

Егемен еліміздің жарқын болашағын жалғайтын биылғы мектеп бітіруші түлектердің «Сыбдыры сұлу күз» атты концерттік кешіне қош келдіңіздер!

Күз — молшылық пен берекенің мезгілі

Күз — байлық пен молшылықтың, жазира даланың дархан дастарханы. Танаптарда самалмен тербелген егін сабағы — ырыс-несібенің нышаны. Өңін жел қағып, күн сүйген жандардың қажыр-қайраты дәл осы уақытта таразыға түседі: өнім көңілден шықса, одан асқан қуаныш бар ма?

Күз — халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!

Алтын күз сізбен бірге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.

Кеш бағдарламасы: ән, би, әзіл

Ән

  • «Ай сәулем»
  • «Әке» (орындайтын: Әсемкүл)
  • «Ана» (орындайтын: Нұрболат)
  • «Кекілді қыз»
  • «Гүлімсің»

Би

  • «Қара жорға»
  • «Шабандоз»
  • «Испан биі»
  • «Үнді биі»
  • «Орыс биі»
  • «Қыз қуу»
  • «Араш»

Неге «Алтын күз»?

Күзді «алтын» деуіміздің себебі көп: біріншіден, айнала сап-сары түске боялады; екіншіден, алтын — байлықтың белгісі. Осы мезгілде жеміс-жидек пен дәнді-дақыл пісіп, еңбекқор адамдардың маңдай тері ақталады.

Біз де мектептің пісіп-жетілген жемісі секілдіміз — биылғы түлектерміз. Ал сол түлектерді алға жетелеп, ұштап, қанаттандырған — ұстаздарымыз.

Ұстазға тағзым

Ғалия апай

Ақ бата алып тектіден, арыстандай айбарлы,
Көңілі ұшқан құспенен жарысқан.
Ғалия апай — шалқар шабыт иесі,
Ақын жаны сәуле алатын ғарыштан.

Гүлшат апай

Альпинистей бағындырған сан шыңды,
Қылыштайын өткір, таза ар сынды.
Ісімен де, мінезімен де биік тұр —
Гүлшат апай рухы биік тау сынды.

«Ұстазым»

Күлкі мен шаттық — кеш ажары

Күлкі үйірілсін жүзіне бар адамның,
Шаттық құйсын төріне сар даланың.
«Күлкі өмірді жасартады» деген халқым —
Күле алмасаң, өмірге барма амалың.

Кеш барысында: тамаша, пародия.

Дәстүр сабақтастығы: «Сабан той» рухы

Күзде егін жиналып болған соң, ата-бабамыз үлкен той жасаған. Ол той «Сабан той» деп аталады.

Бүгінде әр мектепте күз мерекесін атап өту дәстүрге айналды. Еңбек еткен диқан ағаларымыздың отбастарына бақыт, ырыс-береке тілейміз!

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке —
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын Алтын күз жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Қорытынды тілек

Моншақ қылып маржан сөзді тізбелеп,
Көңілді, жарқын шақтарда — кездесейік, ағайын.

Міне, біздің елден алар бағамыз — адамдықпен көңіл кілтін табамыз.

Ән — мереке. Күз кешінің шымылдығын аман-сау жабайық!