АЯЗ АТА, АҚШАҚАР

Жаңа жыл мерекелік кешінің сценарийі

Бұл мәтін — мектептегі жаңа жылдық шырша мерекесіне арналған жүргізушілер сөзі, музыкалық нөмірлер мен құттықтаулар реті, сондай-ақ алғыс айту бөлімі қамтылған толық сценарий.

Жаңа жыл Мектеп Шырша мерекесі Ән мен би

Кештің ашылуы

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші

Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін!

Өлең жолдары

Кел, Жаңа жыл!
Төрле, төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Осы орайда аудан әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық ыстық лебізін қабыл алайық.

2-жүргізуші

Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге! Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, мына отырған барша жан — бәрімізге!

1-жүргізуші

Айнала қоршап шыршаны, шашылар шашу — жыр-әні. Мынау әсем шыршаға қош келдіңіздер, балалар!

2-жүргізуші

Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңіздер, балалар!

1-жүргізуші

Төрлетіңдер, төрлетіңдер! Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, күй-жырларды төгіңдер!

Өнер нөмірлері

Кеш барысында оқушылардың әні мен биі кезек-кезек орындалады. Әр нөмір жаңа жылдың қуанышын, үмітін және ортақ шаттықты айшықтайды.

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл»

Жүргізушілердің жаңа жыл туралы лирикалық жолдарынан кейін оқушы орындауындағы ән ұсынылады.

Би: «Балалық шақ» (1-сынып)

Мектеп бишілерін қошеметпен қарсы алып, 1-сынып оқушыларының биін тамашалау.

Ән: «Катюша» (5-сынып)

5-сынып оқушысының орындауындағы ән нөмірі.

Би: «Испан биі» (Әмір, Аягөз)

Көңілді ырғақ пен сахналық көркемдікке құрылған би қойылымы.

Ән: «Аппақ гүлдер» (Оспан Эланора)

Мерекелік көңіл күйді нәзік әуенмен толықтыратын ән.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз» (Байсалбай Мағжан)

Елдік рух пен жігерді дәріптейтін мазмұнды ән.

Би: «Сұлтан биі» (1-сынып)

Жаңа жылдық сәнді киімдермен, көтеріңкі көңіл күймен орындалатын би нөмірі.

Аяз ата мен Ақшақар

Жүргізушілер

Құрметті қауым! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні — Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Хормен (3 рет):

«Аяз ата! Ақшақар!»

Диалог

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, Аяз ата!

1-жүргізуші: Амансың ба, Ақшақар?

Аяз ата

Амансыңдар ма, ұлдарым? Амансыңдар ма, қыздарым?
Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем билерің!
Асулармен алыстым, асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып, өздеріңмен табыстым.

Ақшақар

Армысыздар, оқушылар, ата-ана! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

2-жүргізуші

Аяз ата, алыстан шаршап келдіңіз. Отырыңыз, демалыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.

1-жүргізуші

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын, қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата, бүгінгі келген күндей жүздеріңнен қуаныш арылмасын.

Енді жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашу үшін мектеп басшысының жылы лебізін тыңдайық.

Қайырымдылық және алғыс

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Жанашырлыққа жан риза: әлеуметтік топтағы балаларға қамқор болып, жүрек жылуын ұсыну — сауабы мол игі іс. Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі — мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.

Демеушілерге алғыс

  • Ауыл әкімшілігі
  • Аудан депутаты Қасқырбай Әлімбаев
  • Сейсенов Ғалымбек ағай
  • Абдрасулиев Серік ағай
  • Ержанова Сарқыт апай

Алғыс жалғасы

  • Баспаев Алып ағай
  • Рысқұлов Айдын ағай
  • Ағыбай Асылбек ағай
  • Кемалова Роза апай
  • Қаниева Гүлзат апай
  • Жеке кәсіпкер Аязбаева Забира апай

Барша демеушілерге алғысымыз шексіз!

Қорытынды бөлім

Аяз ата

Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп, аталарыңды бір қуанттыңдар. Көп-көп рақмет, өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!

Ақшақар

Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата! Сау болыңыз, Ақшақар!

2-жүргізуші: Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт — ырысым. Жақсылықтың жаршысы да, нұрысың. Адамдардың асқақтаған арманы, ақындардың таусылмайтын жырысың.

1-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр. Ізгілік, бірлік дәнін ортаға үсір. Құт болып, береке бер халқымызға, мерейін, мәртебесін биікке асыр.

Жыл қорытындысы

Міне, 2019 жыл да келді. 2019 жылы да елімізге тыныштық орнап, ырыс-құтымыз арылмасын.

Қорытынды тілек

Жаңа жыл әрбір отбасыға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі жаңа жылда аман-сау кездескенше!

Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Мәлімет

Өңір
Қызылорда облысы
Аудан, ауыл
Қазалы ауданы, Басықара ауылы
Мектеп және автор
№182 мектеп, аға тәлімгер Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна