Экранға назар аударыңдар
Сабақ тақырыбы: Сөзжасам. Түбір мен қосымша
Сынып
6-сынып
Негізгі ұғымдар
- Түбір
- Жұрнақ
- Жалғау
- Қосымша
Сабақ мақсаты
- Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
- Түбір мен қосымша туралы түсінікті кеңейту.
- Грамматикалық талдау арқылы ой-өрісті дамыту.
- Қосымшалардың қызметі әртүрлі болатынын аңғарту.
Сабақтың басы: жағымды атмосфера қалыптастыру
Сабақ «Қайырлы күн, қымбатты оқушылар!» деген жылы амандасудан басталады. Кейін «Комплимент» тренингі өткізіліп, оқушылар бір-біріне гүл сыйлап, жақсы тілектер айтады.
Тренингтен үлгі сөздер
- Жанара: «Қыз елдің көркі, гүл жердің көркі» демекші, осындай көріктісің.
- Марлен: Қыз елдің көркі болса, сен елдің батырысың!
Мұғалім оқушылардың тек сөзбен емес, жүрек жылуымен де қолдау көрсеткенін атап өтіп, жақындарын қадірлеуге үндейді.
Бағалау тәсілі
Бүгін әр тапсырма түймедақ күлтешелері арқылы бағаланады. Әр тапсырмаға нақты критерий беріліп, оқушылар соған сай күлтеше жинайды.
Тақырыпқа шығу: сөздерді байланыстыру
Оқушылар экрандағы сөздерге назар аударып, олардың ортақ белгісін анықтайды. Содан кейін сөздерді өзара қосымшалар арқылы байланыстырып көреді.
Жеке жұмыс (бағаланады)
Берілген жолдардағы сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап, мағыналы сөйлем құрастыру:
Гүл... бол... жер мұң...,
Күлкі... бол... ел мұң....
Әр ата... өз ұл... бар,
Әр бұта... өз гүл... бар.
Талқылау сұрағы: Сөздерді байланыстыру үшін нені қолдандық? (Жалғау мен жұрнақ.)
Негізгі қорытынды
- Жалғау мен жұрнақ — екеуі де қосымша.
- Қосымша әрдайым сөздің түбіріне жалғанады.
- Сабақ тақырыбы: «Түбір мен қосымша».
Түсінікті кеңейту: анықтамаларды табу
Оқушылар интернет көздерінен түбір, жұрнақ, жалғау ұғымдарының анықтамаларын тауып, дауыстап оқиды. Кейін өздеріне жаңа болған тұстарын айтады.
Оқушы пікірі
«Түбірдің екі түрі бар екен: негізгі және туынды. Бірақ оларды қалай ажырататынымды білмеймін.»
Оқушы пікірі
«Жұрнақтың екі түрі бар екен: сөз тудырушы және сөз түрлендіруші. Бұл туралы әлі толық білмеймін.»
Оқушы пікірі
«Жалғау сөздерді бір-бірімен байланыстыратынына күмәнім бар. Оны нақтылап алғым келеді.»
Осыдан шығатын сабақ мақсаты
Түбір мен қосымшаны ажырату, жұрнақ түрлерін тану, жалғаудың сөздерді байланыстыру қызметін дәлелдеу.
Негізгі идея: сөз құрылысы мен өсімдік құрылысының ұқсастығы
Мұғалім сөз құрылысын өсімдік мүшелерімен салыстырып түсіндіреді: ағаштың тамыры — сөздің түбірі, сабағы — жұрнақ, бұтағы — жалғау, ал жапырағы мен жемісі — сөздер. Дегенмен кейбір сөздер жалғаусыз да қолданыла береді, ал кез келген сөзде түбір болады — ол мағынаның өзегі.
Жұптық шығармашылық тапсырма (бағаланады)
«Гүлдер» тақырыбы бойынша берілген қосымшаларға лайық түбір жалғап, толық сөйлем құрастырыңдар:
...дер..., ...ді..., ...лыққа, ...тыққа, ...қа..., ...ейді.
Мысал: Гүлдер әлемді сұлулыққа, шаттыққа, қуанышқа бөлейді.
Бағалау критерийі
- 5 — барлық қосымшаға сөз ойлап таба алды.
- 4 — 1–2 қосымшаға сөз ойлап таба алмады.
- 3 — 3–4 қосымшаға сөз таба алмады.
Ережемен жұмыс және талдау
Оқушылар оқулықтағы ережені топпен оқып, бір-біріне түсіндіреді. Кейін тақтадағы сызбаны толтырып, дәлелдеп айтады. Одан соң оқулық бойынша 35-жаттығу орындалады.
Тапсырмалар
- Т-3: Мәтінге тақырып қойып, таңдаған себептеріңді дәлелдеңдер.
- Т-4: Экрандағы сөйлемдерден асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Морфемалық талдауға мысал
Үлгі
Есептелетін сөзінің түбірі — есеп.
- Есеп — зат есім.
- -те — жұрнақ.
- Түбірге жұрнақ жалғанғанда есепте (не істе?) — етістік жасалады.
Қорытынды сұрақ: бұл жұрнақ қай түрге жатады деп ойлайсыңдар?
Т-5: жеке жұмыс (бағаланады)
- 5 — қате жоқ.
- 4 — 1–2 қате.
- 3 — 3–4 қате.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла!»
Берілген сөздерден жаңа сөздер құрастырыңдар.
- 5 — бір сөзден 3–4 жаңа сөз.
- 4 — бір сөзден 2 жаңа сөз.
- 3 — бір сөзден 1 жаңа сөз.
Қорытындылау: жұрнақ пен жалғауды салыстыру
Жұрнақ
- Сөздің мағынасын өзгертеді, жаңа сөз жасайды.
- Екі түрі бар: сөз тудырушы, сөз түрлендіруші.
Ортақ
- Екеуі де қосымша.
- Жеке тұрғанда нақты мағына білдірмейді.
Жалғау
- Сөз бен сөзді байланыстырады.
- Төрт түрі бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.
Рефлексия және үй тапсырмасы
Рефлексия: «Қызғалдақ әдісі»
Оқушылар сабақтағы түсіну деңгейіне қарай түсті қызғалдақты көтереді:
- Қызыл — түсінбедім.
- Қызғылт сары — орташа түсіндім.
- Ақ — түсіндім.
Экологиялық үндеу
«Жасыл ел» бағдарламасын қолдап, мектептің және өз үйіміздің айналасын көгалдандыру — бәріміздің ортақ парызымыз. Аулаға тал егіп, жасыл желекті көбейту арқылы табиғатқа жанашырлық танытайық.
Үй жұмысы
48-бет, 38-жаттығу.
Бағалау
Оқушылар жиналған түймедақ күлтешелерін санап, қорытынды бағаны шығарады.
Авторлық мәлімет
СҚО, Тайынша ауданы, Зеленый Гай селосы, «Зеленогай орта мектебі» КММ.
Ергалиева Асель Слямшовна.