Түйе өркеш - түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Технология пәні мұғалімі: Жанар Бекбаева. Тақырыбы: «Ою-өрнекті қию және жапсыру».
- Сабақтың түрі
- Ойын-сабақ.
- Сабақтың әдістері
- Танымдық ойын, жеке және топтық жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс, топтастыру, «миға шабуыл».
- Көрнекіліктер
- Слайдтар, карточкалар, нөмірленген асықтар, ою-өрнек үлгілері, буклеттер, өрнекті суреттер.
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, бейнелеу өнері, сызу, геометрия, математика.
Сабақтың мақсаты
Жалпы мақсат
Ою-өрнек туралы түсінік қалыптастыру және оны қию, жапсыру арқылы қолдану дағдысын дамыту.
Білімділік
Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру, қолданылу аймақтарын түсіндіру.
Дамытушылық
Ою-өрнектің «тілін» ұғындыру, мән-мағынасына үңілдіру арқылы шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Ұлттық мұраны, салт-дәстүрді, өнерді құрметтеуге тәрбиелеу; ой-өрісті жан-жақты кеңейту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Сабақ құралдарын тексеру.
II. Ой ашар (үй тапсырмасын тексеру)
Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру деңгейі анықталады:
- Ою-өрнек дегеніміз не?
- Ою-өрнектің шығу тарихы қандай?
- Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
- Ою-өрнектер қай жерде қолданылады?
- Түстер қандай мағынаны білдіреді?
III. Жаңа сабақ: «Брейн-ринг» ойыны
Оқушыларға нөмірленген карточкалар таратылады. «Асық ату» арқылы қай нөмірлі асыққа тисе, сол нөмірдегі сұраққа жауап беріледі. Барлық жауап толық берілгенде, «сектор» толық ашылады.
Ойын барысында «мүйіз» оюлары қарастырылады: қошқар мүйіз (бараньи рога), қос мүйіз (соединенные рога).
Сарамандық жұмыс: қию және жапсыру
«Өткенді еске алып, ойға толам,
Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,
Ой түбіне жете алмай титықтасам,
Қолыма қайшы алып, ою оям».
Жұмыстың орындалу қадамдары
- Ақ қағаздан қайшымен қиып алынған ою-өрнек шаблонын жапсырма қағаз бетіне орналастырамыз.
- Шаблонды қарындашпен бастырып, өрнекті түсіреміз.
- Түсірілген өрнекті қайшымен мұқият қиып аламыз.
- Камотекст бетіне диагональ сызықтар жүргізіп, орталық нүктесін табамыз.
- Қиылған оюды камотекст бұрыштарына келтіріп, жапсырамыз.
Жұмыс форматы: жеке жұмыс. Қосымша тапсырма ретінде өлең айту арқылы шығармашылық белсенділік ынталандырылады.
Ою-өрнектердің негізгі топтары
Қазақтың ұлттық нақышын айқындайтын ою-өрнектер дәстүрлі түрде төрт топқа жіктеледі.
1) Жан-жануар тектес ою-өрнектер
Қошқар мүйіз
Қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз, былғары, сүйек, ағаш бұйымдары мен зергерлік әшекейлерде кең қолданылады.
Сыңар мүйіз
Қошқар мүйіздің бір жақ сыңарын бейнелейді. Сырмақ, текемет және киім-кешек жиектерінде жиі кездеседі.
Түйе табан (табақша)
Түйе ізіндегі қос табанға ұқсас, дөңгелене келетін, S әрпі тәрізді күрделі өрнек.
Түйе өркеш / Қос қанатты
Түйе өркеш — қос өркеш пішінін меңзейді; қос қанатты — құстың қанатын кең жайған бейнесіне ұқсайды. Көбіне жиек әшекейлеуде қолданылады.
2) Гүл-жапырақ (өсімдік тектес) ою-өрнектер
Гүл (жауқазын)
Гүлдің бірбеткей бейнесін өрнек тілімен ықшамдап көрсететін үлгі.
Көбелек
Қанатын еркін жайған көбелек бейнесіне ұқсайды. Шай дорба, аяққап сияқты бұйымдарға салынады.
3) Космогониялық ою-өрнектер
Жұлдыз
Аспандағы жұлдыздардың табиғи қалпын және бес жұлдыз пішінін бейнелейтін өрнек.
4) Геометриялық ою-өрнектер
Ботакөз
Ботаның көзіне ұқсас, ромб тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ
Қарғаның ізіне ұқсатылған өрнек. Алаша мен кілем тоқуда жиі пайдаланылады.
Тұмарша
Үшбұрыш үлгісіндегі өрнек. Бұйымдардың жиегін және ортасын көмкеруде кездеседі.
Ою-өрнек мағынасы: белгі және мазмұн
Қошқар мүйіз
Молшылықты меңзейді.
Ағаш
Ынтымақ пен бірлікті білдіреді.
Ирек
Өмір жолын, судың белгісін танытады.
Шеңбер
Жарық өмір жолын меңзейді.
Сергіту және ойын элементі
Сайысқа екі топ қатысады: «Нөсер» және «Темір».
Мақал-мәтелдер жарысы (жалғасын табу)
- Еңбек түбі – береке, көптің ісі – мереке.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
- Талаппен бастап, талғаммен аяқта.
- Ою ойған, сызуда да сызады.
- Ою ойғанның ойы ұшқыр.
- Еңбек етсең, емерсің.
Қорытынды және бағалау
VI. Қорытынды
- Оқушылардың жұмыстарын тексеру, жіберілген қателерді көрсету.
- Жасалған бұйымның нәтижесіне қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
Қазақ халқының ою-өрнектерін басқа халықтардың ою-өрнектерімен салыстыру (ұқсастықтары мен айырмашылықтарын мысалдармен көрсету).