Векторлар арасындағы бұрышты табу
Сабақ тақырыбы
Векторлардың скалярлық көбейтіндісі және векторлар арасындағы бұрышты табу.
Кәсіби даму мақсаты
Қазіргі заманғы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың дарындылығын дамыту.
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
ГВП 10.8
Вектордың ұзындығын және екі вектордың скалярлық көбейтіндісін табады.
ГВП 10.7
Екі вектордың арасындағы бұрыштың анықтамасын біледі.
ГВП 10.9
Екі вектордың арасындағы бұрышты координаталары арқылы скалярлық көбейтіндіні қолданып табады; векторлардың перпендикулярлығын немесе параллелдігін дәлелдейді.
Сабақ мақсаттары
-
Вектор, коллинеар вектор, тең векторлар, нөлдік вектор ұғымдарының анықтамаларын біледі.
-
Вектордың шамасын (ұзындығын) таба алады.