Әңгіме авторы кім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні
Ана тілі (3-сынып)
Тақырыбы
«Батыр Бауыржан» (Мәлік Ғабдуллин)
Мақсаты
Мәлік Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесімен таныса отырып, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.
Сабақ түрі
Ашық сабақ
Сабақ типі
Жаңа тақырыпты меңгеру
Көрнекілігі
Бауыржан туралы слайдтар
Қажетті құрал-жабдықтар
- Бағалау фишкалары
- Полотно, А3 қағазы, фломастер
- Компьютер, проектор
Стратегиялар
- Топтастыру
- Болжам жасау
- Рольге бөліп оқу
- «Автор орындығы»
Міндеттері
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке, намысшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Шығармашылық қабілетті дамыту, тіл байлығын арттыру, ой-өрісті кеңейту.
Білімдік
Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет беру, батырлық ұғымын түсіндіру, топпен жұмысқа үйрету.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ ұраны
Ұят емес — үйренуге ұмтылған.
Ұяларсың — надан болып, ғұмыр кешкен.
Оқушылар ұранның мағынасын түсіндіріп, сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
2) Үй тапсырмасын қайталау
Жатқа айту
«Нұркен» өлеңін жатқа сұрау.
Талқылау сұрақтары
- Нұркен кім болған?
- «Аңсап көкті жасынан, еркін қаққан қанатын» деген жолдарды қалай түсінесің?
- Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?
- Нұркен Әбдіров қандай ерлік жасады?
- Оны елі қалай бағалады?
- Нұркен секілді адамдарды кім дейміз?
3) Қызығушылықты ояту
Ой қозғау: «Батыр қандай адам?»
Топтастыру әдісімен әр топ өз ойларын қағаз бетіне түсіреді. Әр топтан бір оқушы жұмысты қорғайды.
Талқылау сұрақтары
- Батыр қай кезде сыналады? (Соғыста, ел басына күн туғанда.)
- Соғыс деген не?
Әр топ бірлесе отырып соғысты суретпен немесе сызбамен түсіндіреді.
Ұлы Отан соғысы туралы сұрақтар
- Ұлы Отан соғысы қашан болды?
- Ол туралы не білесің?
- Кеңес Одағының Батыры атағын алған кімдерді білесіңдер?
- Ауылымызда олардың атындағы көше немесе мектеп бар ма?
- Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова туралы не білесіңдер?
Мәншүк Мәметова туралы
Мәншүк Мәметова — Кеңес Одағының Батыры. Соғыста пулеметші болған.
Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Сонда да қалың жаудан тайсалмаған —
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулеметі «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда —
Есігін Ұлы майдан ашты жолын.
Бауыржан Момышұлы: өмірбаяндық деректер
- 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
- 3 жасында анасынан айырылып, әжесінің тәрбиесінде болған.
- 1941 жылы 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, дивизия құрамында майданға аттанған.
- Мәскеу түбіндегі ұрыстарда ерлігімен көзге түсіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
- 1982 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеден өткен.
- 1990 жылы «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілген.
Кітаптары
«Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя» және т.б.
Бүгінгі сабақта Бауыржан Момышұлы туралы жазылған Мәлік Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесімен танысамыз.
4) Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы 131-бет: «Батыр Бауыржан» деректі әңгімесін іштей оқу.
Сөздік жұмысы (түртіп алу әдісі)
- Деректі әңгіме
- Нақты болған оқиға туралы әңгіме.
- Полк
- Әскери бөлімше.
- Бекініс
- Жаудан қорғанатын орын.
Топтық жұмыс: бөліктерге бөліп, ат қою
Үлгі 1
- Волоколамск стансасында.
- Қазақ командирлерінің жиыны.
- Қазақ баласы — ар мен намыс иесі.
Үлгі 2
- Командирлер мәжілісі.
- Бауыржанның үндеуі.
- Намысты ерлердің уәдесі.
Рольге бөліп оқу
Оқушылар мәтінді кейіпкерлерге бөліп оқиды, дауыс ырғағы мен мәнерлілікке көңіл бөледі.
Сұрақтар
- Әңгіме авторы кім?
- Басты кейіпкері кім?
- Тағы қандай кейіпкерлер бар?
«Автор орындығы»: авторға сұрақ
Бір оқушы «автор» рөлінде отырады, қалғандары сұрақ қояды.
Сұрақ
Бұл әңгімені жазудағы мақсатыңыз қандай?
Жауап (үлгі)
Соғыс кезіндегі қазақ жігіттерінің ауызбіршілігін, ынтымағын, намысқойлығын, Отанын қорғаудағы жанқиярлығын көрсету.
Сұрақ
Бізге қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
Жауап (үлгі)
Батырлар өмірін үлгі етіп, елін де, жерін де қорғай білуді үйреніңдер.
Болжам жасау
Слайдтағы үзінді бойынша оқушылар оқиғаның ары қарай қалай өрбитінін болжайды:
«Олар “қазақ баласы — ар мен намыс иесі” деген атақты абыроймен ақтауға анттасқандай болып тарасты...»
Кейін Ұлы Отан соғысы туралы слайдтарға шолу жасалады.
5) Ой-толғаныс
Мақал-мәтелдердің мәнін ашу
- «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.»
- «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.»
- «Ел намысы — ер намысы.»
- «Қазақ баласы — ар мен намыс иесі.»
Кейіпкерге мінездеме
Бауыржан Момышұлының тұлғалық қасиеттерін мәтіннен дәлел келтіре отырып сипаттау (батылдық, жауапкершілік, тәртіп, намыс, елжандылық).
Шығармашылық жұмыс
«Бауыржан атаға хат» тақырыбымен шағын өлең құрастыру.
Сіз жасаған соғыстағы ________ — ұлы ғой.
Бастан кешкен ғұмырыңыз ________ толы ғой.
Кестемен жұмыс
«Әр кезең батырлары» кестесін толтыру: оқушыларға парақ таратылады, әр дәуірге қатысты батырлардың аттарын жазады.