Статистикалық көрсеткіштерді талдау
Сабақтың тақырыбы
Статистикалық топтастыру
Сабақтың типі
Меңгерілген білімді бекіту, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
- Салыстыру
- Түсіндірмелі баяндау
- Сұрақ-жауап
- INSERT әдісі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Студенттердің статистика пәніне қызығушылығын арттыру және тақырып бойынша толық әрі жүйелі мәлімет беру.
Тәрбиелік
Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын анық жеткізе білуге, жан-жақты болуға, пәнге қызығушылық танытуға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Тақырыпқа байланысты өздігінен іздену арқылы логикалық ойлау қабілетін күшейту, ойлау дағдысын дамыту.
Материалдық-техникалық база
Техникалық оқыту құралдары және көрнекіліктер
- Презентациялар
- Мультимедиалық проектор
- Компьютер
Пәнаралық байланыс
- Экономика негіздері
- Бухгалтерлік есеп негіздері
- Микроэкономика
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Студенттермен амандасу, қатысымды тексеру.
- Аудиторияның тазалығын бақылау.
- Студенттердің назарын сабаққа шоғырландыру.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Студенттерді үш топқа бөлу.
2) Үй тапсырмасын бекіту (сұрақ-жауап)
- Оперативті жедел немесе оперативті-техникалық есеп дегеніміз не?
- Статистиканың сандық жағы дегеніміз не?
- Статистикалық бақылау дегеніміз не?
- Статистикалық көрсеткіштерді талдау қалай жүргізіледі?
- Статистикалық есеп дегеніміз не?
- Статистика ұғымына анықтама беріңіз.
- Бухгалтерлік есептің мәні қандай?
- Статистикалық жиынтық бірлігі дегеніміз не?
- Статистикалық бақылау объектісі дегеніміз не?
- Статистиканың жиынтық бірлігі ұғымын түсіндіріңіз.
3) Жаңа тақырып: қысқаша мәлімет
Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір жиынтық бірлік тексеруден өткізіліп, қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін, ғылыми қорытынды жасау үшін алынған мәліметтерді өзіне тән белгілеріне қарай жүйелеу қажет.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау — статистикалық зерттеудің екінші сатысы.
Бақылау нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытындылаудың негізгі тәсілі — топтау әдісі.
Статистикалық топтау әдісі — қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе маңызды айырмашылықтарына қарай түрлерге, үлгілерге (типтерге) сәйкес бір-бірінен ажыратылатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Әрбір топ статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Сондықтан топтау — статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі және ол әдетте сатылы түрде жүргізіледі.
Топтаудың мақсаты мен мәні
- Жиналған мәліметтерді талдауға ыңғайлы етіп ретке келтіру және ықшамдау.
- Өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу жүргізу.
- Жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу қажеттігін анықтау.
- Көрсеткіштер жүйесін белгілеу.
Әдіс арқылы шешілетін негізгі міндеттер
1-міндет
Жалпы жиынтықты біртектес сапалы бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу.
2-міндет
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және ішкі құрамдас бөліктерінің өзгерісін зерттеу.
3-міндет
Қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.