Қаттамадан аттама

Тақырыбы

«Нысандар жиыны»

Мақсаты

  • Нысандар туралы меңгерген білімді қорытындылау арқылы білімді жүйелеу.
  • Оқушылардың дивергентті (жанама) ойлауын жетілдіру.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері

Өзіндік жұмыс

Өз бетімен еңбектенуге дағдылану.

Уақытты басқару

Уақытты тиімді пайдалануды үйрену.

Жүйелі ойлау

Жүйелі ойлауға қалыптастыру.

Ойын: «Бұл не?»

Төрт бөлікке бөлінген суреттің бір бөлігі ғана ашылып көрсетіледі. Балалар толық көрсетілмеген суреттің нені білдіретінін табуы керек.

Нысандар тізімі

Өшіргіш Шие Глобус Доп Компьютер Тоқылдақ Кітап Қарындаш Гүл

I аялдама: «Астана» қаласы

Шығармашылық тапсырма

«Жұмбақтар еліне саяхат»: жұмбақтарды шешіп, дұрыс жауапты табыңдар.

Биікте ұшып жүреді,
Елік, қоян бүреді.
Қия таста ұясы,
Бұл құсты кім біледі?

Жауабы: Бүркіт

Жер-дүниені аралайды,
Жел, дауылды қаламайды.
Тұрақты бір тұрағы жоқ,
Тауға ғана паналайды.

Жауабы: Бұлт

Тау, қыр, жазық, өзен, көл —
Қабырғада биік тұр.
«Нанғаң, кел, өзің көр» —
Бір қағазға сыйып тұр.

Жауабы: Карта

Он көзі бар өзінде,
Он цифр бар көзінде.
Көзіне саусақ саласың,
Жырақтан хабар аласың.

Жауабы: Телефон

Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.

Жауабы: Кітап

II аялдама: «Бәйтерек» монументі

Деңгейлік тапсырма

Құстардың суреті көрсетіледі. Оларды екі бағанға бөліп жазыңдар: суда жүзетін құстар және ұшатын құстар.

Ұшатын құстар

Осы жерге тізімін толтырыңдар.

Жүзетін құстар

Осы жерге тізімін толтырыңдар.