Оқушының құқықтарын ата
Сабақ тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам
Отбасы — әр адамның шағын Отаны. Ол қоғамның ажырамас бөлшегі: от бар жерде өмір бар, жылу бар жерде үміт бар. Отбасы — ұрпақ сабақтастығын жалғайтын болашақтың іргетасы.
Негізгі ой
Отбасы — шағын қоғам, тәрбие мен жауапкершілік бастау алатын орта.
Құндылықтар
Сыйластық, мейірім, татулық, қамқорлық, адалдық.
Нәтиже
Ата-анаға құрметі жоғары, парасатты ұл-қыз тәрбиелеу.
Сабақ мақсаты
-
Отбасының қоғамдағы орнын түсіндіру; оқушыларға әке-шеше мен бауырдың қадірін ұғындыру.
-
Ұл мен қызды ата-ананың қамқорлығы мен сүйіспеншілігін бағалауға, адамгершілік пен әдеп-инабатты бойына сіңіруге, жақсылықтан үйреніп, жамандықтан жиренуге баулу.
-
Ата-анаға, туған жерге, Отанға сүйіспеншілікті ояту; сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа және қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық жүргізіледі: баяу әуен ойнап тұрады, интерактивті тақтадан әсем гүл шоқтары көрсетіледі.
Өлең жолдары
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, Қызыл гүлдер, көк гүлдер. Нәзік гүлдер — әніміз, Жайнап өссін бауымыз. Гүлдер деген жыр-аңыз, Сол гүлдерден сұлулық, Тазалықты ұғамыз.
2) Ой қозғау: жұмбақ және сөзжұмбақ
Тақырып отбасы мүшелері туралы. Сөзжұмбақ шешкен кезде сары торкөзден “шағын қоғамды” білдіретін сөз шығады.
- 1. Түсі нарттай, тілін тартпай, жолға шықса, қоймайды құртпай.
- 2. Мемлекеттік рәміздің бірі.
- 3. Еңбек құралы.
- 4. Ең жақын адам.
- 5. Уақыт өлшемі.
- 6. Ырыс алды — ...
3) Кіріспе сөз
Балалар, байқадыңдар ма: жұмбағымыз да, сөзжұмбағымыз да отбасы мен туыстық туралы болды. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз — «Отбасы – шағын қоғам».
Отбасы мүшелері
Ата, әже, әке, ана, аға-әпке, іні-қарындас — бәрі отбасы болып есептеледі.
Отбасының тіршілігі
Отбасыда басшы болады: ол шаруаны ұйымдастырып, өзге мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бірлікті сақтайды.
Отбасының тұрақты мекенжайы және табысына сай тұрмысы болады. Әр адам өз мүмкіндігінше еңбек етеді: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасына атсалысады. Ортақ мақсат — отбасын ұйытып, әр мүшенің дамуына жағдай жасау.
Отбасындағы мәселелер ақылдасып шешіледі. Түсетін табыс та ортақ, қажеттілікке қарай жұмсалады. Отбасының әл-ауқаты қоғамның дамуына байланысты: халық тұрмысы жақсарған сайын қоғам да өркендейді.
Отбасы туған-туыспен үнемі қарым-қатынаста болады. Қарым-қатынас түрлері көп: қонаққа шақыру, тойға көмектесу, ауырып-сырқағанға жәрдем беру, кәмелетке жеткендерді үйлендіру. Осындай істерге үлес қосу — адамгершілік парызы.
Мейірімді адамға үнемі көмек сұралады, ал қажет кезде оған да қолдау көрсетіледі. Осылайша отбасы шағын қоғам сияқты қызмет атқарады.
4) Мемлекеттік көзқарас
Отбасына қамқорлық жасау — еліміздің негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген.
Оқулықпен және дәптермен жұмыс
Оқулық
- Мәтінді тізбектей оқыту.
- Түсінігін сұрау, пікірін тыңдау.
Дәптер
Анықтама
Отбасы — мүшелері туыстық қатынаста болып, бір-біріне қамқорлық көрсетіп, бірлікке ұйыстыратын шағын қоғам.
Анықтама
Қоғам — ортақ мақсат-міндеттері бар, өмір жағдайлары мен қарым-қатынастары біріктірілген адамдар тобы.
Конституция
ҚР Конституциясы, 27-бап: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
Ойын: «Таңғажайып алаң»
Тақтада «Тәрбие» сөзі шығады. Оқушылар ауызша тапсырмаларды орындайды.
- Отбасының қорғаны кім?
- «Бір шаңырақ астында...» дегенді қалай түсінесің?
- «Ұрлық түбі — ...» (мақалды толықтыр).
- «Тәрбие ... басталады» (мақалды толықтыр).
- «Әділ істің ... арты игі» (мақалды толықтыр).
- «Ақырын жүріп ...» (мақалды толықтыр).
- «Өш алғаннан гөрі ... жөн» (мақалды толықтыр).
- Оқушының міндеттерін ата.
- Оқушының құқықтарын ата.
Қанатты сөздер
«Отбасы — тәрбиенің басты ұясы.»
«Әке жолы — ұлына мақтаныш. Ананың аялы алақаны — қызына сағыныш.»
«Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі.»
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.»
Ой түю және қорытынды
Ата-ананың балаға айтар тілегін оқушылар тыңдап, өз ойларымен бөліседі. Түйін: бала тәрбиесіне ең әуелі оның ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы мен сана-сезімі ықпал етеді.
Отбасы — қоғамның негізі. Баланың ертең жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
Үй тапсырмасы
«Алтын ұям» тақырыбына шығарма жазу.