Аяқталмай қалды хат
Мұхтар Шаханов
Құлпытас кепиеті немесе кері тебу заңы
"Досым Федор, Мына хат - соңғы хатым.
Соңғы тыныс, Соңғы дем қалды жақын.
Жайшылықта айырмас ақ, қараны
Сыпсың сөздер бір сәтке тоқталады.
Тоз - тоз болған ағайын басын қосып,
Ертең мені жерлеуге ап барады.
Намыстыны өлімім ойландырсын,
Босқа төккен қалың жұрт қайран күшін.
Мені жерлеу арқылы өз ұлтының
Бір үмітін көмерін қайдан білсін?
Табылар - аудан кімнің жоқшылары,
Жалған жылау,
Жалған мұң кетсін әрі.
Бұл хат саған жеткенше, досым Федор,
Қабірімнің үстіне шөп шығады.
Қажет кезде кергитін шабандана,
Өкпем таудай заңға да, заманға да.
Мен де өзіңе іңкәр ем елден ерек,
Соңғы демім арналсын саған ғана.
Мынау жалпақ әлемде өзендер бар:
Төсінен самғатып ақ қанат шағалаларын,
Мойындамайтын шектелу, шекара заңын,
Бір елден бір елге кесіп өтетін,
Байлығын сан ел несіп ететін,
Еркіне бағындыра алмай,
Табындыра алмай,
Есер күш иелерінің есі кететін.
Кер бұлаң тірлік кері тартып арытқанменен,
Кер қабақ мінез танытқанменен не түрлі,
Ғаламға қарайтын толық күш толыққанменен
Ойнауға болмайды алыптарменен,
Ұлы адамдар ұлы өзендер секілді.
Ұлы өзенім.
Кім бар саған тең келер,
Толқыныңды терең тартып шалқыдың!
Тереңінде жүзе алмаса пенделер,
Онда сенің кінәң қанша, жарқыным?!
Мейлі, ол да арыныңды тежемес,
Айналаңда қызғаныштан тор құрар.
Дарынының әлсіздігін өзі емес,
Өзгелерден көретұғын сорлылар.
Қай кезде де шын достықтың парқы - ұлы.
Тиісті оған әркім басын июге.
Бір адамды, шексіз сүю арқылы
Болады екен бүкіл ұлтты сүюге.
Ерте ояндым, Ерте күлдім,
Құштар едім өзіңмен бір гүлдеуге.
Бірақ, әттең, келте өмірім
Келмей қалды күрмеуге..."
Матай тауын көлегейлеп
Ай қарады албырап,
Қандай кәусар,
Қандай бейқам таңғы уақ,
Жұлдыздар тұр бір сұмдықты сезінгендей қалтырап.
Таңғы ауамен алып соңғы тынысын,
Шоқан мәңгі көзін жұмды...
Аяқталмай қалды хат.
Толық жүктеу
Баубек Бұлқышев
XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама
СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
«Құмар Сұлу» романы
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына шолу
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Қожа Ахмед Ясауи өмірбаяны
Қылмысты істеу сатылары туралы ұғым
Құқықтық журналистиканың функциялары
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Көкшетауға саяхат
ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР
А.И. Хачатурянның шығармашылық жолы
Даргомыжскийдің вокалдық шығармашылығы
Шуберттің вокалдық лирикасы
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ