Қанша болды қолда бәрі
Бастауыш сынып мұғалімі
Халмуратова Зина
Сабақ тақырыбы: 6 саны мен цифры
МатематикаМақсаты
- Балаларды 6 саны және цифрымен таныстыру.
- 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру.
Дамытушылық
- Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Көру және есту арқылы қабылдау дағдыларын жетілдіру.
Шаттық шеңбері
Міне, біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді. Шаттық шеңберімізге қараңдаршы — қандай керемет! Оның да өз сиқыры бар:
Күлкі бейнесі
Бір-бірімізге күлімдей қараймыз.
Алақан бейнесі
Қол алысып амандасамыз.
Жүрек бейнесі
Бір-бірімізге жылы сөз айтамыз.
Күн бейнесі
Күндей жарқыраймыз.
Тақтаға ілінетін сөз
«Сәлем — сөздің анасы»
Жыл мезгілдері: қыс
Балалар, жыл мезгілін табу үшін жұмбақ шешейік:
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады?
Қыс туралы қысқаша
- Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады.
- Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тақтадан қыс мезгіліне қатысты суреттер көрсетіледі.
Өткен сабақты қайталау: 0 саны мен цифры
Жаңа тақырыпқа өтпес бұрын, жұмбақ шешейік:
Дүкеннен бір сабын алдым,
Оның да қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Қанша болды қолда бәрі?
Жаңа тақырып: 6 саны мен цифры
Түсіндіру (мысал арқылы)
Себетте үш алма бар еді. Анам тағы үш алма әкеліп қосты. Себетте барлығы неше алма болды?
Бастапқысы
3 алма
Қосылды
+ 3 алма
Нәтиже
6 алма
Санау
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6
Кері санау
6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
Жазу дағдысы
- 6 санын тақтаға жазу.
- Оқушыларға 6 цифрын ауада жаздыру.
Ертегі желісі: Математика ханшайымына көмек
Бүгін бізге қонаққа Математика ханшайымы келді. Ол сендерге сыйлық алып келе жатқан еді, бірақ қазір қыс мезгілі болғандықтан, аяз оның сыйлықтары салынған шанасын ұшырып әкетіпті. Шанасы қардың астында көміліп қалған. Желтоқсанның суық аязы оны жібермей ұстап тұр.
Біз шананы қардан шығару үшін аяздың бірнеше математикалық тапсырмаларын орындап, ханшайымға көмектесеміз.
1-тапсырма
Әр суреттен алтыдан берілген затты бояу және қоршап сызу.
2-тапсырма
Үйшіктегі есептерді дөңгелектердің көмегімен шығару.
3-тапсырма
Жеміс-жидек пен көкөністерді қосып, есеп шығару.
4-тапсырма
6 санын көркем жазу.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау.
5-тапсырма
Логикалық есептерді орындау.
Есеп 1
Табақта 5 алма, қолымда 1 алма. Қосқанда барлығы неше алма?
Жауабы: 6
Есеп 2
Далада 4 ешкі, қорада 2 ешкі. Барлығын қосқанда неше ешкі болады?
Жауабы: 6
Есеп 3
Жаңа ғана шалғында 6 бұзау жүр еді. Біреуі жатып қалды. Енді нешеуі жайылып жүр?
Жауабы: 5 (6 − 1 = 5)
Есеп 4
Бес алманың үшеуін досың сұрап алады. Сонда өз қолыңда неше алма қалады?
Жауабы: 2
Есеп 5
Үш қаз ұшып барады. Аяғы нешеу, басы нешеу?
Жауабы: аяғы 6, басы 3
Қорытынды сұрақтар
- Бүгін біз қай санмен таныстық?
- Қандай сандарды қосқанда 6 саны шығады?
- Сабақтың қай бөлігі саған ерекше ұнады?
Мадақтау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптары үшін жылы пікір айту.
Қоштасу
Қол ұстассақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!