Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
Автор
Базарова Ақкенже Мырзақызы
Астана қаласы, №53 мектеп-лицей
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сабақ түрі
Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Әдіс-тәсілдер
Топтастыру, ой-толғау, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Тақтаға ілінетін сызба-нұсқалар
- Ұлағатты сөздер жазылған плакат
- Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырлар
Білімділік мәні
Сәбидің дүниеге келуіне байланысты өлең-жырларды оқытып, мазмұнын меңгерту.
Тәрбиелік мәні
Дені сау, рухы мықты, ұлтжанды, ана тәрбиесін бесіктен көрген азамат болып өсуге баулу.
Дамытушылық мәні
Халықтық тәлім-тәрбие тұрғысынан кешегі мен бүгінгіні салыстырып, баспасөз материалдары арқылы ой-өрісті кеңейтуге және қорытынды шығаруға үйрету.
Сабақтың ұраны және кіріспе
Плакаттағы негізгі ой
«Бала тәрбиесі бесіктен»
Көмек Ыбыраев
Қайта оралмас жас күнің,
Бұл — атам сөзі күндегі.
Қазақтың салтын, дәстүрін,
Жалғастыр, балам, ілгері.
Сын тұрғысынан ойлау моделі (3 кезең)
-
1
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау, топтастыру, еркін жазу.
-
2
Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс, «түртіп алу» жүйесі, түсіндірме күнделік.
-
3
Ой толғаныс
Қорытынды ой, пікір білдіру, шығармашылық тапсырмалар.
«Түртіп алу» белгілері
V
Білемін
+
Білдім (жаңа ақпарат)
?
Білгім келеді
!
Мені таңқалдырды
Сабақ барысы
1) Қызығушылықты ояту
Тақтаға төрт жолды өлең жазылады. Өлең мағынасына қарай бұл қандай тұрмыс-салт өлеңі екенін анықтау ұсынылады.
Үзінді
Әлди, бөпем, әлди-ай!
Айналайын, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Әлди, бөпем, әлди-ай!
Талқылау сұрағы: Бұл кімнің махаббаты?
2) Топтастыру: «Бесік жырының тілегі»
2) Мағынаны тану (Жигсо)
Оқушылар топқа бөлініп, берілген тақырыпшалар бойынша ақпаратты бірлесе толықтырады. Әр топтан бір оқушы (топ басшысы) шығып қорғайды.
| Тақырып | Қолданылу кезеңдері | Мысалдар | Қазіргі қолданысы |
|---|---|---|---|
| Нәрестенің дүниеге келуі | Сәби өмірге келген сәттен бастап |
|
Қазіргі таңда халық арасында кең тараған, әлі күнге дейін сақталған. |
| 12–14 айлық бала | Алғаш қадам, жүріс-тұрыс қалыптасатын кезең |
|
Қазіргі кезде қолданылады. |
| 1–1,5 жас | Тіл дамуы қарқын алатын кезең |
|
Кей өңірлерде ғана кездеседі. |
| 4–5 жас | Ер баланы атқа үйрету кезеңі |
|
Қазір сирек кездеседі. |
Тыйым сөздер мен тәрбиелік мән
- Ала жіпті аттама — адалдыққа, әділдікке баулу.
- Аты сүрінбесін — амандық, жолың ашық болсын деген тілек.
- Жау шаппасын — ел тыныштығын тілеу.
- Ұрыс іздеме — сабыр мен бірлікке үндейтін өнеге.
«Түртіп алу» бойынша қорытынды
Білдім (+)
Шілдехана, тұсау кесу, тілашар туралы мәлімет алдым.
Білдім (+)
Атқа мінгізу тойының мәнін түсіндім.
Білгім келеді (?)
Бұдан өзге ырым-тыйымдар мен салттарды тереңірек білгім келеді.
3) Ой толғаныс
I топ
«Мен — анамын»
II топ
«Салт-дәстүрді жеткізушімін»
III топ
Кубизм стратегиясы бойынша салт-дәстүрлер
IV топ
Ырымдарды сипаттап жазу
Ой-толғаудан үлгі: «Мен салт-дәстүрді жеткізушімін»
Мен ұлттық дәстүрді насихаттаушы боламын. Шыққан тегім — халық, соның ішінде қазақ халқының салтын, ырымын қорғаушы деуге болады. Жас сәби шыр етіп дүние есігін ашқанда, оның бойына ұлттық қазынаны сіңіремін.
Ұлттық мәңгүрттіктен сақтап, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді мол білуге үйретемін. Тілің барда салт-дәстүрің де салтанат құрады. Оған бар күш-жігеріңді салсаң болғаны!
4) Сабақ қорытындысы
Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша ой-пікірлері тыңдалады, негізгі тұжырымдар жинақталады.
Үй тапсырмасы
1–2 топ
«Салт-дәстүрді білу — ескіліктің белгісі емес пе?» тақырыбында өз ойыңды жазып кел.
3–4 топ
«Бұл ырымдарды көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек» тақырыбында пікірталас сұрақтарын әзірле.