Дастарқан басындағы әдептілік
Сабақтың тақырыбын болжау
Бүгінгі тақырып: дастарқан басындағы әдептілік. Бұл сабақта қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет үлгілерін қолдану, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну дағдылары дамытылады.
Оқу мақсаттары
- А2 Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану.
- Т3 Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Бағалау критерийлері
- Ұлттық этикет формаларын дұрыс қолданады.
- Тұрмыста жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.
Тыңдалым алды тапсырмасы
«Дастарқан басындағы әдептілік» материалы негізінде сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, ауызша дыбыстап айтыңдар. Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңдар.
1) Тамақтанғанда не істеуге болмайды?
- а Сөйлесуге болмайды.
- ә Асығуға болмайды.
- б Күлуге болмайды.
2) Мәдениеттіліктің белгісі
- а Көңілді отыру.
- ә Қатты сөйлеу.
- б Дұрыс отырып, тұру.
3) «Мәдениетті» дегеніміз
- а Таза, ұқыпты, білімді, ақылды.
- ә Тәрбиелі, өнегелі.
- б Білімді, жеңімпаз.
Рефлексия
Сабақ соңында өз ойыңды қысқа әрі нақты тұжырымдап көр.
- Не білдім, не үйрендім?
- Бұл не үшін керек?
- Оның қолданысы қандай?
- Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын?
- Тағы да не білгім келеді?
Үй тапсырмасы
«Дастарқан басында нені ескеру қажет?» тақырыбында шағын эссе жаз.
Қосымша
«Дастарқан басындағы әдептілік» тақырыбы бойынша слайдты жүктеу ұсынылады.