Жер сөзіне балама сөз
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды мысал-өлеңнің мазмұнымен таныстыру, мысалдағы негізгі ой мен идеяны ұғындыру. Өз ойы бойынша қорытынды жасай білуге және әрекеттерді салыстыра талдауға үйрету.
Тәрбиелік
Ертеңгі күннің қамын ойламайтын жеңілтек сауықшылдықтан аулақ болуға баулу, керісінше еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқу мен жазу арқылы ой-қабілеттерін дамыту. Мысалдағы «ыршып», «гөлайттап», «бүкшиді», «селкілдеп», «бас ұра» сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, танымдық әрекеттерін жетілдіру.
Сабақтың форматы
Түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері
- Мәнерлеп оқу, ой қозғау
- Топпен жұмыс, ДЖИКСО стратегиясы
- Кубизм әдісі, ассоциация және топтастыру стратегиялары
- Сөзжұмбақ, жұмбақ, танымдық тапсырмалар, өз бетімен жұмыс
Көрнекіліктер
Абай Құнанбайұлы мен И. Крылов портреттері, үнтаспа, жеке және сюжетті суреттер, сызбалар, маскалар (Шегіртке және Құмырсқа).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назар аударту, психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру және бекіту
И. Бази (татар жазушысы) — «Жеміс бағында».
Кубизм стратегиясы бойынша сұрақ-жауап:
- Үш түрлі еңбекті салыстырып айт.
- Алманы сипатта.
- Алма жинау үдерісін суреттеп айт.
- Алма өсіру жұмыстарын бірізділікпен байланыстырып айт.
- Күнделікті тағамда алманы жиі пайдаланасың ба?
- Алмада адам ағзасына қажет қандай пайдалы заттар бар?
Бұған дейін күз мезгілінің ерекшеліктері, табиғаты және «Күз — береке» ұғымы талқыланды. Енді күзгі ауа райына тоқталамыз.
Топтастыру: «Күз»
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күн қысқарып, түн ұзарды.
- Күн жиі бұлттанып, жаңбыр жауады.
- Жәндіктер көзге сирек шалынады.
- Ағаштар жалаңаштанып, солғын тартты.
- Ызғырық жел күшейді.
III. Жаңа сабақ
Сыныпта И. Крылов пен Абай Құнанбайұлының портреттері ілінеді. Бүгін біз қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың тұлғасы мен шығармашылығына тереңірек тоқталамыз.
И. Крылов балаларға арналған көптеген мысалдар жазып, шығармаларында еңбексүйгіштік пен ауызбірлікті насихаттаған.
Абай Құнанбайұлы — халқының қамын ойлаған дана, ғұлама. (Ж. Жабаев)
Сөзжұмбақ
- Үйді жарық қылатын нәрсе.
- «Жер» сөзіне балама сөз.
- Өсімдік атауы.
- Жәндіктің үйі.
- «Шындық» сөзінің баламасы.
- Тәуліктің бір мезгілі.
- Аспан денесі.
- Тамақтың атауы.
Жұмбақ
Белі қылдай иілген,
Өзінен зорды көтерген.
Шешуі: құмырсқа.
Абайдың қырлары: кемеңгер ақын, сазгер-композитор (30 ән, 3 күй), шебер аудармашы.
Практикалық бөлім
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын жазу. Сөздік жұмысы.
Тыңдалым
Үнтаспадан «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тыңдау.
Оқылым
Оқулық бойынша іштей оқу, мәтінмен танысу.
Топтық жұмыс: ДЖИКСО
Топтарға бөлу:
- I топ: Оқу-жазу
- II топ: Шегіртке
- III топ: Құмырсқа
№1. Рөлге бөліп оқу
- Автор
- Шегіртке
- Құмырсқа
№2. Шығармашылық тапсырмалар
- I топ: Екіжақты күнделік (пікір/дәлел)
- II топ: Сурет салу
- III топ: Сергіту сәтін ұйымдастыру
Қосымша: көрініс қою және кейіпкерлердің маскаларын пайдалану.
№3. Жазылым тапсырмасы
- I топ: «Күз және шегіртке» тақырыбында әңгіме жазу.
- II топ: Шегірткенің құмырсқаға келуін баяндау.
- III топ: Құмырсқаның жауабын жазу.
Қорытындылау
- Топтардың әңгімелерін оқыту.
- Барлық топтың мәліметін біріктіріп, «Шегіртке мен құмырсқа» бойынша ортақ әңгіме құрастыру.