Оқушылардың ойын дамыту

№1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Турсукпаева Сауле

Әдістемелік - дидактикалық құрал
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі

Аннотация
Тақырыбы: Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін ойын технологиясы арқылы оқыту тиімділігі
Бағыты: Оқыту және дамыту ойындары - ойын жүйесін суреттейтін және оны өткізу әдістемесі мен нәтижесін бағалайтын ойын материалдары
Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ойын элементтер және іс - әрекеттер арқылы оқыту
Міндеті: Оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру

Мазмұны
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтер және іс - әрекеттер арқылы оқыту
2. Дидактикалық ойындардың түрлері
2. 1 Алфавитті дұрыс меңгерту
2. 2 Дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру
2. 3 Лексиканы меңгерту
2. 4 Оқушылардың ойын дамыту
2. 5 Фонетикалық ойындар
2. 6 Грамматикалық ойындар
2. 7 Орфографиялық ойындар
2. 8 Нәтиже
ІІІ. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, қиялсыз бала толыққанды дамымайды
В. И. Сухомлинский

Кіріспе
Елбасы жолдауында кез - келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғары деңгейдегі шет тілін оқып үйренуге жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептердегі қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты мақсат - білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс - тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, білімді, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның болашақ кәсіби бағдарын айқындауға игі ықпал ету болып табылады. Бүгінгі күні елімізде 12 жылдық білім беруге көшу қызу пікірталас туғызады, оқытудың жаңа жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық оқу мерзімінде оқытуда жалпы орта білім беру мазмұнында қазіргі білім беру салалары сақталады: тіл мен әдебиет.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты шетел тілі пәндерін де заман талабына сай, әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып отыр.

Негізгі бөлім
Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында шетел тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс - әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып саналады. Бұл әдістің тиімділігі бастауыш сынып оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруында болып табылады.
Шетел тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану бастауыш сынып оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.
Менің пікірім бойынша, ойын түрлері қолданылып өткізілген сабақта бастауыш сынып оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге қызығады. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері танымдық мақсатты көздей отырып оқушының жас ерекшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады. Бастауыш сынып оқушыларында заттың түріне қызығушылық басым болады. Сондықтан, олардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.

Менің сүйікті жануарларым
1. Жануарды есіңе сақта ойыны
Ойынның мақсаты: мұғалім шапшаң жануарлардың суретін оқушыларға көрсетіп естеріне сақтауын сұрайды, содан кейін бір жануардың суретін алып тастайды, қайтадан көрсетіп сұрайды, оқушылар көрсетілмеген жануарды атау керек.
2. Назар аудар ойыны
Ойынның мақсаты: мұғалім әр оқушыға бес, алты фишка таратады, содан кейін суреттерді көрсетеді, оқушылар жауаптарын береді, қателескен оқушы бір фишкасын қайтарып береді. Мысалы: T - I have a little dog. P - Yes, you have |No, you haven’t
3. Жұмбақты шеш ойыны. Мысалы: T: It is big. It has big ears. What is it? P1: It is …
4. Кім шапшаң ойыны
Ойынның мақсаты: әр оқушының қолында жануарлардың суреті, жүргізуші екі жануардың атын атаған кезде олар шапшаң орның ауыстыру керек.
5. Зоопаркке жануарларды орналастыру ойыны
Қажетті материалдар: әр түрлі жануарлардың суреттерін төртке бөліп кесу оқушыларға тарату. Ойынның мақсаты: оқушы жануарды құрастырған соң суреттеп беру
6. Қасқырлар және қояндар ойыны. Ойынның мақсаты: сынып екі топқа бөлінеді, бірі қасқырлар, екіншісі қояндар оқушылар бір бірінен алысырақ тұрады, жүргізуші ''Hares” немесе “Wolves” десе оқушылар аталған анды қуып ұстау керек.

Толық нұсқасын жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Оқыту кезінде оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ойын арқылу арттыру
Дидактиканы оқытудың мақсаты
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Математика пәні мұғалімі
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты – бәсекеге қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Талдықорған өңіріндегі тарихи – археологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері
Шағын безнесі дамытудағы шетелдік тәжірибе
алықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша дебиторлық қарыздың өзгерістері
Компьютерлік ойындардың жеткіншектердің агрессивті мінез-құлқына әсер ету мәселесі
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту