Файл - Открыть командасын орындау
Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: MS PowerPoint бағдарламасын игеруді қорытындылау
Бұл сабақ MS PowerPoint бойынша меңгерілген білімді жүйелеуге, теорияны практикада қолдануға және презентация құру дағдыларын дамытуға бағытталған қорытынды қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
MS PowerPoint бойынша алған білімді қорытындылау және теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Информатикаға қызығушылықты арттыру, презентациямен жұмыс дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлау мен шығармашылықты дамыту, ақпараттық дүниетанымды кеңейту.
Тәрбиелік
Өздігінен жұмыс істеуге, ізденіске, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақтың типі
Презентациялық сабақ
Сабақтың әдісі
Қорытынды қайталау
Көрнекіліктер
Алдын ала дайындалған презентация, тест сұрақтары, жауап парағы.
Сабақтың құрылымы (кезеңдер)
Сабақ 6 кезеңнен тұрады: ұйымдастыру, тест арқылы қайталау, дайын презентацияны талдау, шығармашылық тапсырма, жарнама ролигін құрастыру және қорытындылау.
-
Тәртіп · Дайындық
I кезең — Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
-
Білімді тексеру
II кезең — Білім: тест (қайталау)
Оқушыларға тест сұрақтары мен жауап парақтары таратылады.
-
1) Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
- а) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
- ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады
- б) беттерге ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді
-
2) Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады?
- а) Показ слайдов → Начать показ
- ә) Показ слайдов → Настройка демонстрации
- б) Файл → Предварительный просмотр
-
3) Жаңа слайдты қай команданың көмегімен құруға болады?
- а) Файл → Открыть
- ә) Файл → Создать
- б) Файл → Выход
-
4) «Слайд» деп нені айтамыз?
- а) көзге көрінетін объект
- ә) терезенің параметрлерін басқару мүмкіндігі
- б) слайд кескінінің толық экранда орналасуы
-
5) Презентацияның кез келген компонентін баспаға шығару үшін қай команданы орындаймыз?
- а) Файл → Выход
- ә) Файл → Печать
- б) Файл → Открыть
-
6) Слайдта қандай объектілерді орналастыруға болады?
- а) фон, мәтін, кестелер, диаграмма, фильм, дыбыс, графикалық бейнелер және т.б.
- ә) тек мәтіндер мен кестелер
- б) кадрлар, презентация жоспары, графикалық пакеттер
-
7) MS PowerPoint бағдарламасы үлгілердің қандай типтерін ұсынады?
- а) Автомазмұн шебері, бос презентация, ұсынылған қалыптар негізінде
- ә) презентация түрі, презентация стилі, слайдтың көркемделуі
- б) презентациялар үлгісі, көркемдеу үлгісі
-
8) MS PowerPoint бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілі бар? (Қате жауабын көрсетіңіз.)
- а) автомазмұн шебері және презентация шаблоны арқылы
- ә) бос презентация арқылы
- б) программалау тілінде код жазу арқылы
-
9) MS PowerPoint бағдарламасында құжатты бейнелеудің қандай режимдері бар?
- а) презентациялар үлгісі, көркем үлгі
- ә) әдеттегі, құрылымдық, слайдтар, слайдтарды сұрыптау, слайдтарды көрсету
- б) тақырып жолағы, мәзір қатары, құралдар панелі, жұмыс аймағы, қалып-күй қатары
-
10) MS PowerPoint бағдарламасын іске қосу жолы:
- а) Пуск → Все программы → Стандартные → MS PowerPoint
- ә) Пуск → Все программы → MS PowerPoint
- б) компьютерді қосқан кезде автоматты түрде іске қосылады
-
-
Талдау · Түсіндіру
III кезең — Білік: «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» (дайын презентацияны талдау)
Оқушыларға аталған тақырыпта алдын ала дайындалған слайд-презентация көрсетіледі. Әр оқушы слайдтар бойынша сөйлеп, мазмұнды талдайды. Қорытындыны бір оқушы жасайды.
-
Шығармашылық
IV кезең — Ақыл: шығармашылық тапсырма «Ұстаз — ұлы тұлға»
Алда келе жатқан Ұстаздар мерекесіне орай оқушылар «Ұстаз — ұлы тұлға» тақырыбында презентация дайындайды. Ең сәтті орындалған екі жұмыс сынып алдында көрсетіледі.
-
Қолдану · Жинақтау
V кезең — Іскерлік: жарнама дайындау
Қазіргі таңда техника құралдары күн сайын дамып, жаңарып отырады. Мұғалім бірнеше заттың атауын айтады, ал оқушылар сол заттарға арналған 4–5 секундтық қысқа жарнама ролигін әзірлейді.
Ұсынылатын нысандар
- 1) Ұялы телефон
- 2) Компьютер
- 3) Шаңсорғыш
Жалғасы
- 4) Үтік
- 5) Қысқа толқынды пеш
- 6) Автокөлік
-
Бағалау · Рефлексия
VI кезең — Қорытынды
Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау және үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы
MS PowerPoint бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды қайталау.