Орта Азия халықтарының музыкасы
Сабақтың тақырыбы
Музыка — әлемнің рухани елшісі. Орта Азия халықтарының музыкасы.
Сабақтың мақсаты
Орта Азия халықтарының тұрмыс-салт және әдет-ғұрып жырларын, музыкалық аспаптарын тану; талдау; ажырата білу.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Магнитофон таспалары
- Ән мәтіні
- Суреттемелер
I. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
«Саламатсыз ба? Саламатсыз ба?» — әндету арқылы.
ә) Түгендеу
Оқушылардың қатысуын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берейік:
- 1. Қазақстан Республикасының әнұранының әнін және сөзін жазғандар кімдер?
- 2. Музыкада неше нота бар?
- 3. Қорқыт ата ескерткіші қай қалада орналасқан?
- 4. Асан қайғының қандай күйлерін білесіңдер?
- 5. Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді?
- 6. Ұрмалы аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- 7. Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- 8. Үрмелі аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- 9. Тілшікті аспаптарға қандай аспаптар жатады?
- 10. Неліктен ұрмалы аспаптар бірінші топта қарастырылады?
Өте жақсы! Енді өткен сабақта үйренген әнімізді хормен орындайық.
«Елім-ай» әнін орындау (слайд арқылы көрсету).
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — Орта Азия халықтарының музыкасы.
Орта Азияда тұратын қырғыз, өзбек, түркмен, тәжік халықтарының тілдері, діни наным-сенімдері, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бір-біріне өте жақын. Сондай-ақ олардың мәдениеті мен өнері де өзара сабақтасып, ұштасып жатады. Бұл ұқсастық музыкалық мұра мен ұлттық аспаптардан да айқын байқалады.
Өзбек халық аспаптары
Гиджап, сато, сетор, дутар, танбур, уд, рубаб, дойра, нагара, сафайль, сибизик, буламан, сурнай, қошнай, най, гаджир, карнай.
Түркмен музыкалық аспаптары
Дутар, гиджак, тюйдук, дилли-тюйдук, гопуз.
Тәжік музыкалық аспаптары
Рубаб, танбур, дутар, думбрак, най, карнай, сурнай, кушнай, чанг, таблак, нагара, дойра, кайрак, зонг, сетор, пангар, бланзиком, даф, тутак.
Қырғыз музыкалық аспаптары
Қомыз, қыл қияқ, жығаш, ооз қомыз, темір қомыз, гоор, сырнай, керней, добулпаз, доол.
Музыкалық шығарманы тыңдау
Әрбір аспаптың ойналуын слайд арқылы көрсету.
IV. Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.
V. Әндету жаттығулары
Дауыс ашу жаттығулары
- Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс.
- Дыбысты үзбей, созып орында.
- Әнді асықпай, мәнерлеп орында.
- Әнді мұғалімнің қол қимылына қарай бірдей бастап, бірдей аяқта.
Жаңа ән үйрену
Әннің атауы
Ақ мамам
Авторлар
Сөзі: Фариза Оңғарсынова
Әні: Махамбет Дауылбаев
Ән мәтінін слайд арқылы көрсету. Қосымша сұрақтар қою.
VI. Қорытындылау
Сөзжұмбақ: «Аспаптар»
Орта Азия халықтарының аспап атаулары:
VII. Бағалау
Сабаққа қатысуы, жауаптары және орындау сапасы бойынша оқушыларды бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
- 1) «Ақ мамам» әнін жаттау және жатқа айту.
- 2) Орта Азия халықтарының музыкалық аспаптарын тану және ажырата білу.