Балаларға жоспарға сай әңгімелетіп үйрету

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім аумағы

Қатынас

Білім бөлімі

Тіл дамыту

Тақырыбы

Үй жануарлары мен жабайы аңдар

Мақсаты мен міндеттері

  • Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету, олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету.
  • Әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға дағдыландыру.
  • Үй жануарларының адамға тигізер пайдасын түсіндіру, оларды күтіп-баптауға және қорғап-қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
  • Үй жануарларына қатысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталау және сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
  • Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра отырып, мекені мен қоректенуі туралы түсінік беру.
  • Балаларды жоспарға сай әңгімелеуге үйрету; «неліктен жабайы деп аталады?» деген сұраққа жауап бере алуына жағдай жасау.
  • Аңдардың мінез-құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы анық сөйлеуге және жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
  • Топпен бірігіп жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер

  • Үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері
  • Презентация
  • Төлдердің үлгілері (суреттер)
  • Плакаттар

Ұйымдастыру кезеңі (тәрбиеші қызметі)

Бастау

  • Шаттық шеңберінен бастау.
  • Парталарды біріктіріп, екі команда отыратындай етіп орналастыру.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз үй жануарлары және жабайы аңдар туралы әңгімелейміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Оларға қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы жатады.

Көздеріңді жұмыңдар да, көз алдарыңа ауылда үй жануарлары мен төлдердің жүргенін елестетіңдер.

Сұрақ-жауап

Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

Неліктен оларды «жабайы аңдар» дейміз?

Мына суреттерден нені көріп тұрсыңдар?

Аю балаларына не істеп тұр?

Қасқырдың балалары нешеу?

Түсі қандай? Олар немен қоректенеді?

Қоянның ерекшелігі неде?

Жаңа сабақ

Тәрбиеші: Мына суреттегі жайлауға қараңдаршы. Үй жануарлары жайылып жүр. Ендеше, осы үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

Түйе

Ботақан

Қой

Қошақан

Ешкі

Лақ

Жылқы

Құлын

Сиыр

Бұзау

Тақпақ

Шөре, шөре, лағым, Тентек болма, шырағым. Секеңдемей деміңді ал, Селтеңдеме құлағың. Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнің үлбіреп, Қарасам, көз тоймайды.