Бақыт тобы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Шаиева Алия Сайфеденқызы
Сабақтың тақырыбы: «Нағыз байлық»
Бұл сабақта оқушылар «жақсы өмір сүру үшін адамға ең алдымен не қажет?» деген сұраққа мәтін арқылы жауап іздеп, ой қорытындысын дәлелдеп айтуға үйренеді. Сабақ құрылымы топтық талқылауға, пікір алмасуға және өз бетінше шешім қабылдауға бағытталған.
Мақсаты
- Мәтінмен жұмыс жасау, негізгі ойды талқылау, ой түйінін табу және өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
- Байланыстырып сөйлеуді жетілдіру, сөздік қорды молайту, сөздерді дұрыс қолдануға үйрету.
- Нағыз байлықтың не екенін түсіндіру: адам үшін ең қажетті құндылықтарды ұғындыру.
Көрнекілігі
- Сызба, суреттер
- Үлестірме материалдар
- Слайдтар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс
- Өзін-өзі тану
- Қазақ тілі
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг: «Біз қандай баламыз?»
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Үй тапсырмасын тексеру
1-топ
Сахналау: «Қожанасыр мектепте»
2-топ
Сахналау: «Төрттен төрт алса, не қалады?»
3-топ
Қожанасырға сипаттама беру
4-топ
Қожанасырға хат жазу
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту (ой қозғау)
Қазіргі заманда адамға жақсы өмір сүру үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Оқушы жауаптары тыңдалғаннан кейін, сабақтың негізгі бағыты анықталады: жақсы өмір сүру үшін ең алдымен не қажет екенін мәтін арқылы түсіну.
Мағынаны тану
-
1) Мәтінді мәнерлеп оқу
Мәтін: «Нағыз байлық»
-
2) «Жанұялық топ» әдісімен жұмыс
Оқушылар 1–4 нөмірлері бойынша топтасып, өзіне тиесілі бөлімді оқып, талқылайды.
-
3) Түсіндіру және ортақ талқылау
Жанұялық топтар бастапқы орындарына оралып, оқығанын өз тобына түсіндіреді.
1-топ
«Сүйіспеншілік»
2-топ
«Табыс»
3-топ
«Байлық»
4-топ
«Бақыт»
-
4) Топтарға сұрақтар
1-топқа
Сүйіспеншіліктің қандай артықшылығы бар?
2-топқа
Адамды сыйлап, жақсы көрсең, басқа да қасиеттер өзінен-өзі келетіні туралы отбасында кім айтты?
3-топқа
Баланың анасы неліктен көзіне жас алды?
4-топқа
Отбасы мүшелері бақытты ма? Бақытты екенін дәлелдеңдер.
Дәлелдеу тапсырмасы (постермен жұмыс)
1-топ
Анасы бақытты, өйткені…
2-топ
Бала бақытты, өйткені…
3-топ
Әкесі бақытты, өйткені…
4-топ
Үш қонақтың қайсысын өз үйіңе шақырар едің? Неліктен?
Ойтолғаныс
1) Негізгі ой
Сүйіспеншілік болса, табыс келеді, ал табыс — берекеге, молшылыққа бастайды.
2) Жазылым тапсырмасы
Эссе: «Нағыз байлық деген не?» (сызбаға сүйене отырып)
Ойды бастау
Нағыз байлық — …
Дәлел
Меніңше, өйткені …
Қорытынды
Сондықтан …