Қазақ халқы

Мерекелік жүргізуші сөзі

«Достығымыз жарасқан!»

Құрметті балалар, ата-аналар, әріптестер! Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Бірлік бар жерде – тірлік бар», – дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегін айтылмаса керек. Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.

«Достығымыз жарасқан!» атты мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер!

1 Мамырдың мәні

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурыз айында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған, саяси маңызы зор бірегей құрылым.

Бүгінде әрбір ұлттың салт-дәстүрін жаңғыртуына, мәдениеті мен әдебиетін дамытуына, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Ал бақыт, әділдік, бейбітшілік және жарқын болашақ үшін ортақ мақсат олардың бәрін біріктіріп отыр.

Қазақ мақалы: «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады».

Ұлттар шеруі

Бимен қарсы аламыз:

  • 1

    Қазақ халқы

  • 2

    Үнді халқы

  • 3

    Өзбек халқы

  • 4

    Корей халқы

Ұлтаралық татулықтың арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмасын. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесін.

Құттықтау сөзі

Бүгінгі іс-шарамызға басшылық жасап, білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған мектеп меңгерушісі Измұханова Света апайға жүрекжарды ақ тілегін білдіру үшін сөз кезегін береміз.

Жүргізуші жыры

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің, биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Келесі кезекте әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрімен таныстырып, ұлттық тағамдарын және ұлттық билерін көрсетеді. Қабыл алыңыздар!

Мәдени орталықтардың таныстырылымы

Сөз кезегі

Қазақ халқы мәдени орталығы

Қазақ жері – ортақ Отан, ортақ өлке. Бұл өлке әр азаматтың мекеніне айналған.

Қазақ халқының сәлемі

Сөз кезегі

Үнді халқы мәдени орталығы

Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

Үнді халқының сәлемі (1-сынып)

Сөз кезегі

Өзбек халқы мәдени орталығы

Өзбек халқының сәлемі (2–3-сынып)

Сөз кезегі

Корей халқы мәдени орталығы

Корей халқының лебізі (4-сынып)

Тәуелсіз Қазақстан туралы толғау

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
Арғы тегі Алаштан тараған,
Керегесін ағаштан құраған елміз!

Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар. Сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген еліміз!

Сондықтан да біздің мемлекет – кешегі бабаларымыз табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

Ән: «Қазақстаным менің!»

Қорытынды тілек

Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық – ең алдымен өзімізге керек. Көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір кепілі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің тағы бір тірегі – еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Ынтымақтастық жасасын!
Қазақстан жасасын!
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Осымен «Достығымыз жарасқан!» атты мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Сау-саламат болыңыздар!

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарман ауылы

Сарман бастауыш жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шупанова Айнагүл Максимқызы