Еркектер кішкене балаға ұқсайды: өзін үлкен адам сияқты сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды

Ер мен әйел туралы қанатты ойлар

Төмендегі нақыл сөздер ер мен әйелдің мінезі, қарым-қатынас, махаббат, неке және жауапкершілік тақырыптарын әр қырынан ашады. Оқуға жеңіл болуы үшін ойлар авторларымен бірге реттеліп берілді.

Мінез және болмыс

Еркектер кішкентай балаға ұқсайды: өзін үлкен адамдай сезінеді, бірақ қолынан жетектеп жүргеніңді қалайды.
— Татьяна Скобелева
Еркектер кешірмейді — бәрін ұмытып кетеді; ал әйелдер бәрін кешіреді, бірақ ешқашан ұмытпайды.
— Макс Фрай
Ерлер қауымы қандай? Ол өз күнәсінен гөрі жасаураған жанарын көрсетуді ұят санайды.
— Т. Гиппель
Ер азамат үшін өзі туралы басқалардың не ойлайтыны маңызды; ал әйел үшін — өзгелердің не айтатыны маңызды.
— Т. Гиппель
Еркектердің бәрі бірдей, тек табысы әртүрлі.
— Михаил Аршевский

Неке, жауапкершілік, тәрбие

Ештеңеге қарамай тез үйлен! Егер алған жарың жақсы болса — бақытты боласың, ал жаман болса — философқа айналасың.
— Сократ
Әйел — еркектің ұлы ұстазы.
— Анатоль Франс
Үйленген жігітпен салыстырғанда, бойдақ жігіт әйелдер туралы көбірек білетін сияқты. Әйтпесе ол осы уақытқа дейін-ақ үйленген болар еді.
— Генри Луис Менкен
Әйел мен еркектің тәрбиелік деңгейі жанжал үстінде өзін қалай ұстайтынынан білінеді.
— Бернард Шоу
Еркекті қайта жасау, яғни өзгерту, мүмкін емес — шыдаудан басқа амал жоқ.
— Татьяна Соловова
Еркектердің кейбірі әйелдерден өздері ұстана алмайтын адамгершілік пен ар-ожданды талап етеді.
— Лев Толстой

Қоғам және өзара тәуелділік

Әйелдер ер азамат қоғамынсыз өңінен айрылады, ал еркектер әйелдерсіз ақымаққа айналады.
— Антон Чехов
Еркектер қиналған кезде әйел іздейді, ал бәрі ойдағыдай болса — тағы біреуін іздейді.
— Константин Мелихан
Әр әйелдің қателігінде еркектің кінәсі жатады.
— Иоганн Готфрид Гердер

Махаббат және сезім

Еркектің бақыты: «Мен сені қалаймын!» деп айта алуы. Әйелдің бақыты: «Ол мені қалайды» деп сезінуі.
— Фридрих Ницше
Ғашық жігіттің бейнесі аянышты көрінеді.
— Агата Кристи

Құрастырушы

Дайындаған: Жадыра.