Балалар біз мұражайдан елбасымыз туралы көптеген мағлұмат алдық
Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы
Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту
Тақырып
Тұғырым биік тұңғыш президентім
Мақсаты
Жас ұрпаққа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып-өскен ортасы, білім алған кезеңі және еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру.
Балаларды Елбасының еңбек жолынан үлгі алуға баулып, еліне деген патриоттық сезімін ояту, халқын сүюге және білімділікке тәрбиелеу.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Қазақстан — байтақ жерім,
Табиғаты қандай көркем.
Тәуелсіздік арқасында
Мәртебесі артқан елім.
Маңызды сәт
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Бұл бөлім балалардың назарын жинақтап, ортақ көңіл күй қалыптастыруға бағытталған.
Іздену-ұйымдастырушылық бөлім
Әңгіме және сұрақтар
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады?
- Күз мезгілінің айлары қандай?
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Мерекеге кіріспе
Бүгін — 29 қараша, күз мезгілінің соңғы күндері. Алдымызда 1 желтоқсан мерекесі бар: бұл — Елбасының тұңғыш рет сайланған күні.
Балалар, Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
Бекіту тапсырмалары
Талқылау сұрақтары
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қалай аталады?
- Слайд тақтада не бейнеленген?
- Қазақстан Республикасының картасында нелер орналасқан?
- Картадан қандай қалаларды атай аламыз?
Шығармашылық жұмыс
Алдымызда Қазақстан Республикасының картасы берілген. Әр қалаға тиесілі бөліктерді бояп, картаны құрастырамыз.
Қазақстан Республикасының картасы құрастырылды. Айтқан тілектерің орындалсын.
Бұл — бірнеше ұлттың достығы жарасқан, бірлігі бекем ел екеніміздің белгісі.
Құжат деректері
Бекітемін
________________
«Ақбота» балабақшасының әдіскері: Р. Дүйімбаева
Дайындаған
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, «Ақбота» балабақшасы
Тәрбиеші: Жаңабаева Шынар Киікбаевна