Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру

Сабақтың барысы

Бұл сабақ ойын, сұрақ-жауап және «саяхат» форматындағы тапсырмалар арқылы балалардың көлік түрлерін ажыратып, қызметін түсінуіне бағытталған.

Мотивациялық қозғаушы бөлім

Амандасу рәсімі

Айгөлек атты бақшаның,

Тәрбиелі баласы.

Алдыменен үлкенмен,

Амандасып алады.

Қайырлы таң, апайлар! Қайырлы таң, достарым!

Ой қозғау

Ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған?

Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?

Түсіндіру: көлік болмаған заманда адамдар және жүк тасымалдау үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат пен түйеге арба жегіп, адам мен жүк тасымалдаған. Алыс жолға шығу үшін кейде айлап, тіпті жылдап жүрген.

Ұйымдастырушы-ізденушілік бөлім

Қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көліктер өте көп. Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.

Әуе көліктері

  • Ұшақ
  • Тікұшақ
  • Зымыран

Су көліктері

  • Кеме
  • Қайық
  • Желкенді қайық

Жер көліктері

  • Машина
  • Мотоцикл
  • Автобус
  • Велосипед
  • Пойыз

Тосын сәт

Телефон шырылдайды

Рөлдік әрекет: телефонмен сөйлесу

Тәрбиеші балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын және оған көмек қажет екенін хабарлайды.

Сұрақ: «Балалар, қоянға көмектесеміз бе?»

Алдымен бәріміз сыятын көлікті таңдаймыз.

1-саяхат: Автобуспен жолға шығу

Теледидардан автобус түрлерін көрсетіп, қысқаша түсінік беріледі. Балалар арасынан жүргізуші таңдалады.

Хор

«Көңілді достар»

2-саяхат: Көлден өту

«Біз үлкен көлге келдік. Көлден қалай өтеміз?» Теледидар арқылы су көліктері көрсетіліп, айырмашылығы түсіндіріледі.

Тапсырма (конверт)

Геометриялық пішіндерден су көлігін құрастыру.

Қайықты «есіп отыратын» бала таңдалады.

3-саяхат: Таудан асу

Жұмбақ

Құстан аумайды,
Көкте заулайды.

Жауабы: ұшақ

Теледидардан әуе көліктері көрсетіліп, олардың қызметі мен маңызы түсіндіріледі. Балалар «ұшақ болып» үлкен таудан ұшып өтеді.

Ормандағы кездесу: Қоянға көмек

Қоянның сөзі

«Балалар, маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер. Сендерге алғысымды білдіремін!»

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Шарты: ұшатын заттар аталғанда, балалар қолдарын жоғары көтереді.

Қоян балаларға ризашылығын білдіріп, көжектерін сағынғанын айтып қоштасады.

Теміржолмен танысу: Пойыз

Балаларға теміржол көрсетіліп, оның қай көлікке арналғаны сұралады. Теледидар арқылы пойыз туралы түсінік беріледі: пойыздың адам таситын және жүк таситын түрі болады. Көп вагондар локомотивке (паровозға) тіркеледі. Пойызды машинист жүргізеді.

Пойыз жүргізетін машинист таңдалады.

Рефлексивті-коррекциялық бөлім

Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?»

Шарты: көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүретін жолын тауып, көліктерді тиісті орынға орналастыру.

Жер

Жол, теміржол

Су

Өзен, көл, теңіз

Әуе

Аспан кеңістігі

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Қорытынды шеңбер

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже

Меңгереді

Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра біледі.

Игереді

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Қолданады

Күнделікті өмірде көліктің қызметін дұрыс қолданады.