Бала тапсырмасы
Атырау қаласы · Жаңаталап селосы
Жамбыл атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ділмұханова Бибігүл Қабекенқызы
Сабақ тақырыбы
«Б» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларды «Б» дыбысы және «Б» әрпімен таныстыру.
- Б, б дыбысының ұяң дауыссыз екенін аңғарту.
- Қазақ тілінде сөз басында және сөз ортасында келетінін меңгерту.
Сабақтың түрі мен әдістері
- Сабақтың түрі
- Саяхат сабақ, аралас сабақ
- Оқыту әдістері
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқу-танымдық әдіс, байқау–бақылау әдісі
Күтілетін нәтижелер
1) Мазмұнына байланысты
«Бб» дыбысына берілген сөздерді дұрыс оқиды, дыбыстық талдау жасайды, сөйлем құрау арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады.
2) Сын тұрғысынан ойлау
Сөзден сөйлем құрауға, сөйлемнен қысқа мәтін құрастыруға жаттығады.
3) Топпен жұмыс
Өлең-тақпақ жаттап, танымдық тапсырмалар орындау арқылы ұжымдық қарым-қатынас нығаяды.
Сабақтың жүру барысы
1-кезең
Қызығушылықты ояту
а) «Жылулық шеңбері»
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін көп адам нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын, көрген жан мына бізден!
ә) «Буыннан сөз құрау» ойыны
Берілген бөліктерді сәйкестендіріп сөз құрастырыңыз:
Негізгі буындар
ма · мақ · мон
Жалғауға болатын бөліктер
та, қал, рал, ман, пал, ша, шақ
2-кезең
Мағынаны тану
Көл жағасына саяхат
Саяхат барысында оқушыларға «Б» дыбысын меңгертетін кейіпкерлер кезігеді.
Бақа кезікті
Дыбыспен жұмыс
Бақа, бақа, бақылдадың,
Суға түсіп қақылдадың.
Дірілдейсің, жаурадың ба?
Суда нең бар, ақымағым?
«Ба-қа» сөзін буынға бөліп, «Бб» дыбысы мен әрпін таныту.
Бала кезікті
Жұмбақ
Қызықтырып әркімді-ақ,
Суда жүзер жалтаңдап.
«Б» әрпінен басталған,
Сол жәндіктің атын тап?
Жауабы: Балық
Оқиға желісі
Бала балық ауламақшы болды, бірақ қармағына балық ілікпеді. Оқушылардың міндеті — тапсырмаларды орындап, балық аулауға көмектесу.
Оқулықпен жұмыс
Бағанда берілген буындар мен сөздерді оқыту.
Ескерту: «Бб» дыбысы қазақ тіліндегі сөздердің басында және ортасында келеді. Кейбір орыс тілінен енген сөздердің соңында да кездеседі: клуб, штаб, куб, т.б.
Дәптермен жұмыс
«Бб» әрпін көркем жазу үлгісі бойынша жазу.
3-кезең
Ой толғаныс
Қорытынды тапсырма: «Б» әрпінен басталатын бес сөз жазыңыз және бір-екеуіне сөйлем құраңыз.
Ескертпе
Толық нұсқасын жүктеу (қажет болса, бұл жерге сілтеме/батырма орналастыруға болады).