Жақсылықты үйреніп

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сарбаева Хиуа Мақсымқызы

Пәні: Ана тілі · Сынып: 3-сынып

Тақырыбы: «Адам болам десеңіз»

Мақсаты

  • Оқушылардың осы тараудан алған білімдерін жүйелеу және бекіту.
  • Оқушының қызығушылығын арттыру.
  • Өздігінен ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
  • Адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Сюжетті суреттер.
  • «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбы бойынша суреттер.
  • Буклеттер.
  • Ауыл бейнесі бар суреттер.

Сабақ түрі

Дәстүрден тыс ұйымдастырылған қайталау сабағы.

Негізгі ұстаным: жақсы әдет — өзімізден басталады. Сабақта белсенді қатысып, бір-бірімізді тыңдауды үйренеміз.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Күннің жадын жазу.
  • Оқушыларды түгендеу.

2) Сабақ мақсатын хабарлау

«Мынау — Әдептілік елінің ауылы. Осы елдің иесі кім болар екен?» деген ой тастау арқылы сабақтың бағыты айқындалады.

Топқа бөлу

  • 1-топ: Зерделі
  • 2-топ: Талапбек

Әр бөлімді талқылағанда «Зерделі» және «Талапбек» атауларымен бастап, бүгін екі топ болып білімімізді сайыс түрінде көрсетеміз.

3) «Сөз құдіреті» өлеңін мәнерлеп оқу

Оқушылар өлеңді дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп оқиды.

4) Сұрақ-жауап (тілшелердегі тапсырмалар)

  • Ақын сөздің қандай түрлерін атайды?
  • Батыл сөзді кімнің сөзіне балайды?
  • Бауыржан аталарың туралы не білесіңдер?
  • Сыпайы сөйлеу үшін қандай сөздерді қолданар едіңдер?
  • Тәтті сөзді неге балайды?
  • Шымыр сөзді кімнің қолына балайды?
  • Ақын сөзді кімге (неге) балайды?
  • Абай аталарың туралы не білесіңдер?

5) Шығармашылық жұмыс: «Айтыскерлер айтысы»

Үй тапсырмасы бойынша әр топтан оқушылар шығып, айтыс үлгісінде тақырыпты қорғайды.

Оқушы (1)

Ұмыт болған қашанда,

Бастадық біз игі істі.

Қазақ елі қашанда

Бола ма екен айтыссыз?

Үлкен тарау оқыдық,

«Адам болам десеңіз».

Көп нәрсені үйреніп,

Көңілімізге тоқыдық.

Оқушы (2)

Оның рас, Нұрлыбек,

Қазақ деген атым бар.

Ана тілі сабағын,

Айтыспенен ашайын.

Үзілісте кей бала,

Орысшалап сөйлейді.

Өзі қазақ болса да,

Қазақ тілін білмейді.

Оқушы (1)

Асыл сөз көп халықта,

Іле жүрер құлаққа.

Бұл әдетін қоймаса,

Ұлтын сүймес шырақ та.

Ана тілден үйрендік,

Үлкендерді сыйлауды.

Шешен сөзді үйреніп,

Самғайық кел алысқа.

Оқушы (2)

Бүгінгі осы сабақта

Аларымыз көп болар.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандыққа жолықпа!

Кел, балалар, балалар,

Ізденуден жалықпа.

Ізденген жетер мұратқа,

Қалып қойма ұятқа!

6) «Талапбек» тобына тапсырма

  • Ы. Алтынсариннің шығармаларын табу.
  • Шығармаларындағы жақсы және жаман әрекеттерді ажыратып, пікір айту.

Негізгі ой

«Адам болам десеңіз» тарауы оқушыны әдепті сөйлеуге, үлкенді құрметтеуге, ізденіске және жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге бағыттайды.