Туған тілім өлеңін мәнерлеп оқу
Сабақ тақырыбы
Д. Әбілев — «Туған тілім».
Сабақтың мақсаты
Сын тұрғысынан ойлау (СТО) әдістері арқылы өлеңнің мазмұнын ашу, оқушылардың тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамыту.
Сабақтың міндеттері
- Мәнерлеп әрі түсініп оқу дағдысын қалыптастыру.
- Сөздік қорын молайту, өз пікірін ашық әрі еркін жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.
- Ұжымдық жұмыста өзгенің пікірін құрметтеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Әдіс-тәсілдер
- Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегиялары.
- Көрнекіліктер
- Д. Әбілевтің суреті, сюжетті суреттер, жеке сөздер (тірек сөздер).
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
Стратегия: «Ой ашар»
К. Ахметованың «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Стратегия: «Ой шақыру»
Астана туралы кім не біледі?
Астана — Отанымыздың жүрегі. Ал «Отан» ұғымын сендер жақсы білесіңдер.
Қызығушылықты ояту
М. Мақатаевтың «Отан» өлеңін еске түсіреміз.
Сұрақ-жауап
-
Сұрақ: Осы өлеңдегі ақынның «қасиетті тіл» дегені қай тіл?
Жауап: Қазақ тілі. -
Сұрақ: Қазақ тілі біз үшін қандай тіл?
Жауап: Ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз.
Негізгі ой
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені бекітілген. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы қазақ тілін білуі тиіс.
Талқылау
«Тіл» ұғымын қалай түсінеміз?
- Әдебиеттің жүрегі
- Байлығымыз және мәдениетіміз
- Ұлттығымыз және намысымыз
- Ар-ожданымыз
Мағынаны тану
Д. Әбілевтің «Туған тілім» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Д. Әбілев (1907–2003) — қазақ әдебиетінің ақсақалы. 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 жылы «Қызыл әскер» атты алғашқы өлеңі, 1928 жылы «Сырлы шкафтың сыры» атты алғашқы әңгімесі жарық көрді. Ол 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркендеуіне қаламымен қызмет етіп, көптеген еңбектер жазды. Артында қалған мол мұрасы — ұрпақтың рухани қазынасы.
Оқу жұмысы
- Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
- Оқушылардың оқуы: іштей оқу, дауыстап оқу, топпен оқу.
Сөздік жұмысы (стратегия: «Түртіп алу»)
- Бабам
- үлкен ата
- Далам
- туған жер
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
Ой толғаныс (жинақтау)
Топтық жұмыс тапсырмалары:
1-топ
Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру.
2-топ
Тіл туралы өлең шығару.
3-топ
Эссе жазу.
4-топ
«Туған тілім» орнына «қазақ тілі» сөзін қойып, өлеңді мәнерлеп оқу.
Бекіту
Біз тәуелсіз, егемен ел болғанымызға 20 жыл толуға жақынбыз. Тәуелсіздігімізді де, еркіндігімізді де баянды ететін басты құндылықтардың бірі — туған тіліміз. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүр.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстары бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
«Туған тілім» өлеңін жаттау.