Қорытынды Тәуелсіздігім - тәңірім берген сый
Бастауыш сынып мұғалімі: Мамырбекова Ғалия Асанқызы
Түрі: таным сағаты
Тақырыбы
Тәуелсіздігім — тәңірім берген сый
Мақсаты
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына байланысты мағлұмат беру.
Міндеттері
- Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, туған жерге, ата-мекенге сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру.
- Өз елінің тарихын құрметтеуге, оны мақтаныш сезіммен айтуға жаттықтыру.
- Патриоттық рухта тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- 1991–2011 жылдар аралығындағы ҚР тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар
- Үнқағаздар, буклеттер
- Карта, фотосуреттер
- Үнтаспа
Сабақ барысы
I. Тәрбие сағатының мақсаты таныстырылады
Оқушыларға тәуелсіздіктің мәні, оның тарихи орны мен бүгінгі ұрпақ үшін маңызы түсіндіріледі.
II. Психологиялық дайындық
Оқушылар отырған қонақтармен сәлемдесіп, гүл шоқтарын ұсына отырып ізгі тілектерін білдіреді.
Сұрақ
Хош келіпсіз! Мерекелік көңіл күйіңіз қандай?
Тілек
Азат еліміздің аспаны ашық болсын!
Сұрақ
Қазақстанның азаматы болғаныңызды мақтан тұтасыз ба?
Тілек
Егемен еліміздің еңсесі биік болсын!
Сұрақ
Мерейтойымызды қалай қарсы аласыз?
Тілек
Тәуелсіздік туы асқақ болсын!
Сұрақ
Бүгінгі күніңізге ризасыз ба?
Тілек
Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті болсын!
III. Әдеби-музыкалық бөлім
Қазақтың аспаны қандай кең болса, ақылы да сондай кең. Қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең. Қазақтың жүрегіне тек қазақтың баласы ғана емес, бүкіл әлем сыйып кетеді.
Даласындай дархан, жазирадай жомарт халқымыздың бірлігінің арқасында егемендікке қол жеткіздік. Бүгін тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын атап өтеміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Өлең жолдары
Мың өліп, мың тірілген қаһарман ұлт — қазағым,
Аз ба сенің өткерген адам төзбес азабың.
Өткеніңе үңіліп, бүгініңе көз тастап,
Тарих бетін ақтарсам, мұң шертеді азалы үн.
Тәуелсіз күнге жеткенше айырылдық талай тарланнан,
Тайғанап тасқа құладық асусыз биік заңғардан.
Аққа да қара жағылып, телміріп темір торлардан,
Еркіндік күттік сарылып арайлап атқан таңдардан.
Желтоқсан рухы
Қиын сәтте жалау еткен намысын,
Жанын қиған елі үшін, ар үшін.
Алматыға Ноғайбайұлы болып аттанып,
Бар қазақтың мақтаны болып қайта оралған арысың.
М. Шаханов
«Желтоқсан әні» орындалады. Балалар гүл шоқтарын қояды.
Жылдар сөйлейді (1991–2011)
Желтоқсан көтерілісінің рухы мен елдің бірлігінің арқасында 1991 жылы еліміз егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз мемлекет ретінде жаңа дәуірге қадам басты.
1991
- 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.
- Қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992
4 маусымда Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран туралы заңға қол қойылды.
1993
13 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994
30 маусымда ғарышкер Талғат Мұсабаев 6 айлық сапарға аттанды.
1995
- Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
- 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996
16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997–1998
- 1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.
- 1998 жылы Астананың тұсаукесер тойы өтті.
1999–2004
- 1999 жыл — Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
- 2000 жыл — Мәдениетті қолдау жылы.
- 2002 жыл — Денсаулық жылы.
- 2003–2004 жылдар — Ауыл жылдары.
2005–2006
- 2005 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өтті.
- 2006 жылғы 6 қаңтарда «Менің Қазақстаным» жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді (әні — Шәмші Қалдаяқов, сөзі — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).
2010–2011
- 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, саммитте Астана декларациясы қабылданды.
- 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындары және Ислам саммиті өтті.
Көрініс және ән
Би, көрініс
«Тәуелсіздігіме — 20 жыл»
Ән-шашу
«Біз бақытты балдырған»
Қорытынды
Тәуелсіздігім — тәңірім берген сый.
Мен, мен едім, мен едім — тәуелсіз елдің таңы едім.
Кіршіксіз көңіл ақ қардай, халқымның аппақ ары едім.
Көмейден шығып көкке өрлеп, даламды кезіп жырлаған,
Аталар салған, апалар салған ән едім.
Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын,
Жас болып ару — Астанам, құлпырып күндей жайнасын.
Тәуелсіздігім — тәтті сый, тәңірден келген, ағайын,
Бар қазағым бақыттың жиырмасыншы жылын тойласын!