Оқушыларға теңдеуді шешу, бір амалмен және екі амалмен шығарылатын есептердің тиімді тәсілдерін меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға теңдеуді шешуді және бір амалмен, екі амалмен шығарылатын есептердің тиімді тәсілдерін меңгерту.
  • Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  • Шапшаң есептеуге, мәнін табуға және өрнекті дұрыс оқуға төселдіру.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Ережелер
  • Ойындар
  • Сызбалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сабақ басында сыныптың көңіл күйі мен жұмыс ырғағын реттеп, тапсырмаларға дайындық жасалады.

II. Оқушыларды топқа бөлу

Мұғалім әр оқушыға шағын есеп береді. Оқушы есептің мәнін табады да, сол мән бойынша өз тобына орналасады.

1-қатар

  • 3 + 5 =
  • 4 + 3 =
  • 1 + 8 =
  • 6 + 2 =
  • 2 + 7 =
  • 0 + 9 =

2-қатар

  • 4 + 4 =
  • 3 + 6 =
  • 2 + 5 =
  • 10 − 2 =
  • 10 − 1 =
  • 1 + 7 =

3-қатар

  • 10 − 3 =
  • 4 + 5 =
  • 8 − 0 =
  • 9 − 2 =
  • 8 − 1 =
  • 7 − 0 =

Топқа орналасу ережесі

  • Мәні 7-ге тең оқушылар — Төле би ауылы.
  • Мәні 8-ге тең оқушылар — Қазыбек би ауылы.
  • Мәні 9-ға тең оқушылар — Әйтеке би ауылы.

Есіңе ал

Бұл үш ауылдың иелері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би — ел басқарған ірі тұлғалар, әділ билер, шешендік өнердің шеберлері. Халық олардың әділдігіне, адалдығына, шыншылдығына және тапқырлығына құрметпен қарайды.

Топ атаулары аталарымыздың есімін ұлықтау, олардың өнегесін жадымызда сақтау және оқушылардың бойына тапқырлық пен жауапкершілік дарыту мақсатында берілген.

Бағалау тәртібі

Әр ауылда бір басшы болады. Ол өз тобындағы оқушылардың дұрыс жауаптарын белгілеп отырады. Сабақ соңындағы бағалауда бұл нәтижелер ескеріледі.

III. Үй тапсырмасын тексеру

1-ауыл

  • (57 − 7) + 40 = 90
  • (20 + 60) − 10 = 70
  • (60 + 9) − 40 = 29

2-ауыл

  • 20 + (45 − 5) = 60
  • 60 − (39 − 9) = 30
  • 70 + (16 − 6) = 80

3-ауыл

  • 35 − (28 − 8) =
  • 44 + (30 − 10) =
  • 80 − (67 − 7) =

IV. «Ойлан, тап» (2-бөлім)

Әр ауылға теңдеу құрастыру және белгісіз санды табу тапсырмасы беріледі. Тақтаға әр ауылдан бір оқушы шығып, теңдеуді шығарады.

1-ауыл

Белгісіз санға 4-ті қосқанда 10 шықты.

x + 4 = 10

2-ауыл

Белгісіз саннан 4-ті азайтқанда 10 шықты.

x − 4 = 10

3-ауыл

20-дан белгісіз санды азайтқанда 10 шықты.

20 − x = 10

Ережені толықтыр

  • Белгісіз қосылғышты табу үшін…
  • Белгісіз азайғышты табу үшін…
  • Белгісіз азайтқышты табу үшін…

V. Теңдеу туралы түсінік (3-бөлім)

Теңдеу — белгісіз саны бар теңдік. Теңдеуді шешу дегеніміз — белгісіз санды табу.

Негізгі талап

  • Теңдіктің сол жағы мен оң жағын теңестіру.
  • Белгісіз санды тауып, орнына қойған кезде теңдіктің екі жағы да тең болуы керек.

VI. «Кітап — білім бұлағы»

Қайталайық: қосу мен азайту арасындағы байланыс.

1-топтама

  • 5 − 3 = 2
  • 5 − 2 = 3

2-топтама

  • 2 + 3 = 5
  • 3 + 2 = 5