Қатты денелердің қасиеттері тарауын зертханалық тәжірибелер жасай отырып қорытындылауСабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

«Қатты денелердің қасиеттері» тарауын зертханалық тәжірибелер арқылы қорытындылау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ үдерісіне тиімді енгізу арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту; физикалық тілде сауатты сөйлеуге, физикалық есептерді шешуге үйрету; білімге құштарлықты арттыру және техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру арқылы логикалық ойлауды дамыту; компьютер мен өзге де ақпараттық құралдарды пайдаланып, оқу-танымдық мәселелерді шешу жолдарын меңгерту.

Тәрбиелік

Қазіргі ақпараттық құралдарға қызығушылықты арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу; әртүрлі есептерді шешу кезінде жоспар құра білуге және жұмысты жүйелі орындауға дағдыландыру.

Сабақ түрі

Зертханалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • NOVA құрылғысы (Activstudio, activusb, activserial)
  • Дидактикалық материалдар