Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіре отырып оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

Сабақ тақырыбы

§18. Архитектуралық ескерткіштер

Пән

Қазақстан тарихы (5-сынып)

Бөлім

Орта ғасырлардағы сәулет өнері

Жоспары

Негізге алынған құжаттар мен дереккөздер

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы (5-сынып)
  • Авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
  • Интернет материалдары

Жалпы мақсат

Оқушыларға сәулет өнері туралы түсінік беру және Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы мен тарихи ерекшеліктерін меңгерту.

Міндеттері

  1. 1) Сәулет өнері туралы түсінік қалыптастыра отырып, Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы мен тарихи ерекшеліктерін ұғындыру.

  2. 2) Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан нақты мысалдар келтіріп, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

  3. 3) Орта ғасырлар сәулетін қазіргі заманғы озық архитектура үлгілерімен салыстыру арқылы сәулет өнеріне қызығушылықты арттыру және эстетикалық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сәулет өнері туындыларын қазіргі заман архитектурасының озық үлгілерімен салыстыра отырып, ой қорытуға және тұжырым жасауға дағдыланады.

Негізгі идеялар

Оқушылар Қазақстандағы орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуын, тарихи ерекшелігі мен маңызын талдап, өз көзқарасы негізінде қорытынды жасай білуге үйренеді.

Тапсырмалар

Белсенді әдістер

  • Ой қозғау
  • Топтық жұмыс
  • Мәтінмен жұмыс
  • Жұптық жұмыс

Бағалау және бекіту

  • Сәйкестендіру тесті
  • Жеке жұмыс
  • «Хат-қоржын» (сұрақ–жауап)
  • Кесте толтыру

Қосымша

Wiki материалдары

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

I. Ұйымдастыру

  • 2 мин Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • 2 мин Тарихи қалалардың атаулары арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасы

2.1 Жұптық жұмыс: сәйкестендіру тесті (Киіз үй)

Сипаттама Жауап нұсқалары Әріп
1 Киіз үйдің шеңбер қабырғасы Кереге Ә
2 Шаңырақ пен керегені байланыстыратын Уық Б
3 Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі Шаңырақ А
4 Киіз үйге жабылатын киіз Туырлық Г

Ескерту: Жауаптарды сызықша орнына әріппен белгілеуге болады.

2.2 «Хат-қоржын»: сұрақ–жауап

  • 1 Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?
  • 2 Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?
  • 3 Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін ата.
  • 4 Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?

Бағалау

Жауаптар критерийлер бойынша бағаланады.

Қосымша ескертпе

  • «Архитектуралық ескерткіштер» тақырыбы бойынша материалдарды жүктеп, танысу ұсынылады.
  • «Тарих туралы түсінік» және «Қазақстан тарихының кезеңдері» бойынша қысқа мерзімді жоспардың толық нұсқасын қарастыруға болады.