Асханалық қызылша және оның пайдасы

Тақырып

Қызылша және оның пайдасы

Бағыт

Таза табиғи орта — «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың негізі

Секция

Қоршаған орта және адам денсаулығын сақтау

Негізгі ой

Қызылшаны тұрмыста жиі қолданғанымызбен, оның пайдасы мен өзіне тән ерекшеліктерін толық біле бермейміз. Бұл мәтінде қызылшаның маңызы, түрлері және денсаулыққа ықпалы туралы түсінік кеңейтіледі.

Жоспар

І. Кіріспе

Қазақстандағы егін шаруашылығының орны және қызылшаның жалпы сипаттамасы.

ІІ. Негізгі бөлім

  • 2.1. Қызылшаның дақылдық маңызы
  • 2.2. Асханалық қызылша және оның пайдасы
  • 2.3. Асханалық қызылшаны өсіру жолдарын зерделеу
  • 2.4. Асханалық қызылшадан жасалатын тағам түрлері

ІІІ. Қорытынды

Зерттеу нәтижелерін жинақтау және негізгі тұжырымдарды бекіту.

ІV–V. Ұсыныстар және әдебиеттер

Қолдану ұсыныстары мен пайдаланылған дереккөздерді көрсету.

Зерттеу құрылымы

Мәселе

Қызылша күнделікті тағамда қолданылғанымен, оның пайдалы қасиеттері мен ерекшеліктері көпшілікке толық таныс емес.

Мақсаты

Қызылшаның пайдасын, түрлерін және ерекшеліктерін оқып-үйрену арқылы шағын зерттеу жүргізу.

Міндеттері

  • Қызылша туралы кітаптармен, оқулықтармен және зерттеулермен танысу.
  • Қызылшаның түрлері мен ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.
  • Ғалымдар, докторлар мен профессорлардың еңбектерімен танысу.

Нысаны, пәні, болжамы және нәтижесі

Нысаны
Қызылша
Пәні
Өсімдіктану
Болжам
Егер біз қызылша туралы көбірек оқып-білсек, онда оның көптеген қыр-сырын ашамыз.
Нәтижесі
Ізденіс нәтижесінде қызылшаның денсаулыққа пайдалы екенін және әртүрлі аурулардың алдын алуға көмектесетін қасиеттері барын аңғарамыз.

Жеке көзқарас

«Қандай жеміс-жидекті жақсы көресің?» деген сұраққа көп бала алма, алмұрт, қауын немесе қарбыз деп жауап береді. Ал мен қызылшаны ұнатамын.

Осы жұмыс арқылы қызылшаның құндылығын нақты деректермен негіздегім келеді.

Кіріспе

Қазақстанда егін шаруашылығы — ауыл шаруашылығының басты салаларының бірі. 1950-жылдардың ортасынан бастап ауыл шаруашылығы, негізінен, тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты дамыды. Соңғы 5–6 жыл ішінде 25 млн гектардан астам жер игеріліп, жыртылды. Қазіргі кезде егістік ауданы шамамен 36 млн гектарды құрайды.

Игерілген және жыртылған жердің негізгі бөлігі солтүстіктегі қара және қаштан топырақты орманды дала мен дала зоналарында орналасқан. Бұл өңірлер ылғалы жеткілікті, суарылмайтын аймақтарға жатады.

Қазақстанда тамақ және жеңіл өнеркәсіпке шикізат болатын әртүрлі техникалық дақылдар өсіріледі. Негізгі техникалық дақылдарға мақта, қант қызылшасы және темекі жатады.

Анықтама

Қызылша (Beta) — алабота тұқымдасына жататын, азықтық, көкөністік және қант алынатын бір және екі жылдық дақылдар тобы. Қызылшаның 16 түрі бар. Ол көбіне мал азықтық, асханалық және қант қызылшасы болып бөлінеді.

Кәдімгі қызылша және оның бір түрі — жапырақты қызылша — басқаларына қарағанда жиірек өсіріледі. Қызылша ылғал мен жарықты жақсы көреді, әрі суыққа төзімді өсімдік болып саналады.