Әріптерді ашу үшін жаңа сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Уақыт бірліктерін (тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр) бір-бірінен ажыратып, олардың өзара қатынасын түсіндіру және қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Есеп пен мысал шығарту арқылы оқушылардың ойлауын, есте сақтау қабілетін арттыру; тапсырмалар арқылы ой-өрісін, қиялын, зейінін дамыту. Дыбыс құрамындағы күрделі сөздерді анық айтуға, математикалық терминдерді және компоненттерді дұрыс қолдана сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Сағат
- Күнтізбе
- 12 жыл, 12 ай тақырыптық материалдары
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы ұйымдастыру кезеңінен бастап, ойын, сергіту сәті, жаңа тақырыпты түсіндіру және бекіту тапсырмалары арқылы кезең-кезеңімен жүргізіледі.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: сөйлеу ережесін еске түсіру және жылы лебіздер айту.
Жылы лебіздер
- Сәлеметсіздер ме!
- Есенсіздер ме!
- Қайырлы күн!
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Деніміз сау болсын!
- Мектебіміз жайнай берсін!
- Бәріміз дос болайық!
Сабаққа кіріспе сұрақтар
- Қазір қандай сабақ болады?
- Математикаға арналған өлеңімізді айтайық.
Математика — толған тәртіп, мағына мен мән,
Математика — толған тамаша, заңдылық сән.
Математика — толып жатқан терең сыр,
Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Мұнда бір сөз жасырылған. Ол — бізге қажет оқу құралы. Әр тапсырма орындалған сайын бір әріп ашылады. Бір әріпті алдын ала ашуға рұқсат беріледі, бірақ ол үшін сұрақтарға жауап беру керек.
1) Сұрақтар
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Бүгін аптаның нешінші күні?
- Аптаның бесінші күні қалай аталады?
2) Үй тапсырмасын тексеру
- Минуттық тіл дегеніміз не?
- Сағаттық тіл дегеніміз не?
- Бір тәулікте неше сағат бар?
Минуттық жұмыс (6-мысал):
Сандармен
3 + 7
7 + 3
10 − 3
10 − 7
Сағатпен
3 сағ + 7 сағ
7 сағ + 3 сағ
10 сағ − 3 сағ
10 сағ − 7 сағ
3) Сергіту сәті
Қимылды іс-әрекет арқылы орындалады.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!
Жаңа сабақ: уақыт бірліктері және олардың қатынасы
Уақыт бірліктерін салыстыру және олардың байланысын есте сақтауға арналған негізгі қатынастар төмендегідей.
Негізгі қатынастар
- 1 апта = 7 күн
- 1 ай = 30 немесе 31 күн
- 1 тәулік = 24 сағат
- 1 сағат = 60 минут
Жыл мен ғасыр
- 12 ай = 1 жыл
- 1 жыл = 365 күн (кібісе жылы — 366 күн)
- 100 жыл = 1 ғасыр
Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма
1 минут ішінде неше есеп шығара алатыныңды тексер. Жауабын жаз.
Қосу
50 + 4 = 54
50 сағ + 4 сағ = 54 сағ
4 + 50 = 54
4 сағ + 50 сағ = 54 сағ
Азайту
54 − 4 = 50
54 сағ − 4 сағ = 50 сағ
54 − 50 = 4
54 сағ − 50 сағ = 4 сағ
2-тапсырма (есеп)
Шарты
- Әкесі — 38 жаста
- Баласы — 30 жасқа кіші
Шешуі
38 − 30 = 8 (жас)
Жауабы
Баласы 8 жаста.
3-тапсырма
Минутты сағат және минут түрінде өрнектеп жаз.
- 90 минут = ☐ сағ ☐ мин
- 100 минут = ☐ сағ ☐ мин
- 70 минут = ☐ сағ ☐ мин
- 80 минут = ☐ сағ ☐ мин
Логикалық тапсырмалар (бекіту)
«5-әріп» және «6-әріп» кезеңдері
- 1. Сағат 22:00-де жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?
- 2. Марат 9 жаста. 6 жылдан кейін ол неше жаста болады?
- 3. Жанатбек 11 жаста. 5 жыл бұрын ол неше жаста еді?
Ойынның жауабы
Субояқ
Сабақты қорытындылау
Оқушылар уақыт бірліктерін (минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр) ажыратып, олардың негізгі қатынастарын қайталады. Есептер мен логикалық сұрақтар арқылы білімін бекітті.