Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы

Қызылорда облысы • Қазалы ауданы

№93 орта мектеп

Тарих пәні мұғалімі: Тұрғанбаева Зибаш

Бағыты

Қоғамдық-гуманитарлық

Пәні

Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сыныбы

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Наурыз — ұлттық мерекенің тарихы, салт-дәстүрі және тойлану жолдары

Мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мақсаты

Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын түсіндіру, мерекенің тойлану ерекшеліктерін көрсетіп, оқушыларды осы тақырыпта әңгіме жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

  • Фотогалерея арқылы сабақ тақырыбын табады.
  • Блиц кездесу арқылы мазмұнды түсініп, бір-біріне түсіндіреді.
  • Кластер құрып, оқығанын қолданады.
  • Мәтелдер мен бата-тілектердің мағынасын талдайды.
  • Жинақтап, тақырып бойынша әңгіме жазады.
  • Өзін-өзі және топты бағалап, сабаққа кері байланыс береді.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Негізгі идея

Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы

Әдіс-тәсілдер

  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Диалогтік оқыту
  • Блум таксономиясы
  • Психологиялық ахуал орнату
  • Блиц кездесу
  • Фотогалереяға саяхат
  • Қол шапалақтау

Жұмыс түрлері

  • Жеке жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Ұжымдық жұмыс

Құрал-жабдықтар

  • Оқулық
  • Қосымша материалдар
  • Стикерлер
  • Суреттер

Бағалау түрлері

Бағалау парағы Смайлик Жұлдызша Балық Бағдаршам

Сілтеме: Артықбаев Ж. Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5-сынып. Атамұра, 2011.

Сабақ барысы: кезең-кезеңімен

Кіріспе: ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін қысқа жаттығу өткізу.
  • Оқушыларды шеңберге жинап, әр елдің амандасу үлгісімен сәлемдесу рәсімін орындау.
  • Топқа бөлу: «Көкпар», «Қыдыр ата», «Достық».
  • Әр топқа бағалау парақтары мен бағалау белгілерін тарату.

А кезеңі: білу

Жаңа сабаққа кіріспе: «Сурет галереясына саяхат». Сыныпқа Наурызға қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді тамашалап, жұппен немесе топпен бір-біріне әңгімелейді.

Мақсат: суреттермен жұмыс арқылы жаңа тақырыпты өздері анықтау.

Түсіну

Сабақтың мақсаты таныстырылады. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасау үшін тақырыпшалар бойынша бөлінеді:

1-топ

Қазақтың ұлттық мейрамдары

2-топ

Наурыз мейрамы

3-топ

Наурыз көже

«Блиц кездесу» әдісі арқылы топтар бір-біріне өз бөлігін қысқа әрі нақты түсіндіреді. Мұғалім қосымша сұрақтар қойып, Наурыз мерекесі туралы мәліметтерді толықтырады.

В кезеңі: қолдану

Дәптермен жұмыс: кластер құру

Әдет-ғұрыптар

Шаруашылық • дүниетанымдық • отбасылық • қоғамдық

Салт-дәстүрлер

Қонақжайлылық • ас беру

Той-думандар

Бесік той • шілдехана • тұсаукесер • сүндет той • үйлену тойы

Сұрақ

Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Жаңа сөздер

Наурыз
жаңа күн
Ұлыс
мемлекет, ел
Зындан
шыңырау түрме

Дәптердегі орындалған жұмыстар смайлик арқылы бағаланады.

Сергіту сәті

«Шырша» сергіту жаттығуын орындау.

Талдау: топпен жұмыс

Нақыл сөздердің мағынасын ашып, өмірлік жағдайлармен байланыстырып түсіндіру:

1-топ

Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы.

2-топ

Самарқанның көк тасы да жібиді.

3-топ

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

С кезеңі: жинақтау

Жазылым жұмысы

Фотогалереядағы суреттер таратылып, әр оқушы суретке байланысты әңгіме жазады. Жұмыс «Төрт сөйлем» әдісімен құрылымдалады.

Оқушылар шығармашылығы

«Наурызға қатысты бата-тілектер қоржыны» үшін стикерлер таратылып, әр оқушы өз тілегін жазып, ортақ қоржынға қосады.

Бекіту

Қысқа тест жұмысы орындалады.

Бағалау және рефлексия

Топтық және жеке бағалау сабақ бойы жинақталған бағалау парақтары арқылы жүргізіледі. Оқушылар өзара бағалап, қысқаша кері байланыс береді.

Ой қозғау сұрағы

Қазақ халқының ұлттық мерекелерінің маңызы қандай деп ойлайсыңдар?

Қысқаша түйін

Бұл сабақта оқушылар Наурыз мерекесінің мәнін түсініп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрді жүйелеп, мәтелдер мен баталардың мазмұнын талдап, өз ойларын жазбаша түрде жинақтап жеткізуді үйренеді. Фотогалерея, блиц кездесу және кластер сияқты тәсілдер оқу үдерісін белсенді етіп, тақырыпты өмірмен байланыстыруға көмектеседі.

Ескерту: Материалдың толық нұсқасы қажет болған жағдайда бөлек жүктеледі.