Мүсіреповтың Боранды түнде әңгімесі
Сабақтың тақырыбы
Ғ. Мүсіреповтің «Боранды түнде» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шығарманың мазмұнын меңгереді, тақырыбы мен идеясын ұғынады.
- Жоспар құрады, кейіпкерлер бейнесін ашады.
- Өз пікірін дәлелдеп қорғайды, талдау жасап, қорытынды шығарады.
- Салт-дәстүрдің мәнін түсініп, пікір алмасады.
Дамытушылық
- Мәтінмен жұмыс арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер ізденеді.
- Танымдық қабілеттерін дамытып, ойын жүйелейді.
- Ойын дәлелді жеткізіп, өзгенің пікірін құрметтейді.
- Бірнеше көзқарасты салыстырып, қарама-қарсы қоя отырып тұжырым жасайды.
Тәрбиелік
- Адамгершілік құндылықтарды нығайтады.
- Халықтық салт-дәстүрді тануға және құрметтеуге баулиды.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі мен типі
- Сабақтың түрі
- Практикалық оқуға негізделген ізденіс сабағы.
- Сабақтың типі
- Іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Ресурстар мен байланыс
- Көрнекілігі
- Слайд.
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, қазақ тілі, этнография.
- Құрал-жабдықтар
- Парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа әзірлігін тексеру.
- 2 Сабақтың мақсатын таныстыру. Сабақ стратегиялық бағытта жүргізіледі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын тексеру: мазмұндау, сұрақ-жауап ұйымдастыру, бірін-бірі толықтыру.
Еркін жауап стратегиясы
Қойылатын сұрақтар:
- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?
- Әңгімеге арқау болған оқиға қандай?
- Әңгімеге қандай атау қояр едіңдер?
- Қайсар қалыңдығын алып қашуға не себепті мәжбүр болды?
- Мәселені басқаша жолмен шешуге болар ма еді?
III. Үй тапсырмасын бекіту
Түсіну стратегиясы
Сабақты жазушының өмірі мен шығармашылығымен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы хронологиялық кестені толтырамыз.
Тапсырма:
Ғ. Мүсіреповтің өмірі бойынша хронологиялық кесте құрастыру және оны «Боранды түнде» әңгімесімен байланыстырып түсіндіру.
Ескерту: «жүктеу» сияқты техникалық белгілеулер тапсырма мәтінінен алынып тасталды.