Проценті бойынша санды табуЖалпы мақсаты

Проценті бойынша санды табу

Бұл сабақта оқушылар проценті бойынша санды табу алгоритмін қолданып, есеп шығаруды меңгереді және алған білімін тиімді тәсілдермен қолдануға дағдыланады.

A деңгейі

Проценті бойынша санды табу ережесін түсінеді.

B деңгейі

Ережені есеп шығаруда қолданады.

C деңгейі

Тиімді тәсілдермен есептей алады, дәлелдеп түсіндіреді.

Күтілетін нәтиже

Оқушы проценті бойынша санды табу ережесін қолданып, әртүрлі типтегі есептерді шығара алады.

Негізгі идеялар

  • Алған білімді кеңейту және жаңа дағды қалыптастыру.
  • Өз бетінше проценті бойынша санды табу ережесін қолдана отырып есеп шығаруға үйрету.

Сабақ құрылымы

Оқыту әдістері

  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Топтастыру және диалогтік оқыту
  • Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс
  • Оқыту үшін бағалау
  • АКТ қолдану

Тапсырмалар форматы

  • Жеке, жұптық, топтық жұмыс
  • «Сиқырлы сұрақ», «Ыстық орындық»
  • «Менің есебім»
  • Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Үш шапалақ»
  • Рефлексия: «Не білдім? Не қиын? Не жеңіл?»

Дереккөз

Оқушы анықтамалығы.

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен жұмыс

  • Оқушыларды түгендеу
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру
  • «Тілек жазу» әдісі

Топқа бөлу

Есептер жазылған карточкалар арқылы топтарға бөлінеді.

Бағалау

Бағалау парағы таратылады, сабақ критерийлері нақтыланады.

Ой қозғау және үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма 1

«Ортақ тұжырым» тәсілі арқылы №487–489 есептердің шешімін түсіндіру.

Тапсырма 2 (қызығушылықты ояту)

Конверттегі сұрақтарға жауап беру:

  1. 1 Процент дегеніміз не?
  2. 2 Берілген санның 1%-ын қалай табамыз?
  3. 3 Процентті бөлшекпен (немесе натурал санмен) жазу үшін не істейміз?
  4. 4 Бөлшекті (немесе натурал санды) процентпен жазу үшін қандай амал қолданамыз?
  5. 5 Берілген санның процентін табу жолы қандай?

Жаңа сабақ

І. Білу (7 минут)

Топтық жұмыс, «Ыстық орындық» әдісі арқылы есептерді талдау.

Есеп 1. Мектептің бастауыш сыныптарында 480 оқушы оқиды. Бұл мектептегі барлық оқушылардың 60%-ы. Мектепте барлығы неше оқушы оқиды?

Есеп 2. Қант қызылшасының 18%-ы — қант. 162 кг қант алу үшін қанша килограмм қант қызылшасы керек?

Сергіту сәті

Мұғалім «бас, қол, тізе» деп айтады, оқушылар көрсетуді өзгертілген тәртіппен орындайды.

ІІ. Түсіну (3 минут)

Бекіту: топтық жұмыс.

ІІІ. Қолдану (5 минут)

«Қатесін тап» тапсырмасы: әр тапсырмадағы орындалу ретін түсіндіру және түзету.

IV. Талдау

Сәйкестік тест және деңгейлік есептер арқылы талдау жүргізу.

Сәйкестік тест

Проценттік қатынастарды дұрыс сәйкестендіріңіз:

Берілгені Мағынасы Санды таңдаңыз
10% 15-ке тең 150
1% 0,4-ке тең 40
9% 18-ге тең 200
50% 200-ге тең 400
25% 4-ке тең 16

A, B, C деңгейлік есептер (15 минут)

Жұптық жұмыс: есептерді деңгейіне қарай шығару, шешімін дәлелдеп қорғау.

V. Жинақтау

1. 1%-ы 75 болатын санды табыңыз.

Жауабы: 7500

2. 34%-ы 170 болатын санды табыңыз.

Жауабы: 500

3. Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тапты. Сабыр барлық саңырауқұлақтың 40%-ын, Марат — Сабыр тапқанның 25%-ын, ал Тимур — қалғанын тапты. Тимур тапқан саңырауқұлақтар санын табыңыз.

Жауабы: 100

Аралық мәндер: Сабыр — 80, Марат — 20, Тимур — 100.

4. Райхан 145 санын 60%-ға арттырып, шыққан санның 25%-ын есептеді. Райхан қандай сан тапты?

Жауабы: 58

5. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36%-ы болса, туристің жалпы жүрген жолын табыңыз.

Жауабы: 1400 км

Автор туралы

Астана қаласы, №57 орта мектептің математика пәні мұғалімі — Ахмедия А.Ш.