Әйел біздің әзиз байлық қорымыз

Мұхтар Шахановтың өлеңі

Әйелдер
Не толқытса соның мұңын тартасың...
Аурухана ауласында сытырлатып картасын
Жанарында әзіл ойнап жарасты
Маған бір қыз бал ашты:
- Науқастан ба ерініңіз кезерген,
Жазыласыз,
Налымаңыз бекер сіз.
Әйтсе де әйел қауымына ежелден
Немқұрайды қарамайды екенсіз.
Сүюді Сіз ерлік деп те айтасыз,
Онсыз ақын боларсыз ба ой өрген.
Дегенмен Сіз абайлаңыз, байқаңыз,
Бағыңыз да, сорыңыз да әйелден.
- Бәрекелде,
Өркен жайсын талабың,
Сәуегейі сен боп жүрме қаланың.
Бұл бетіңмен цығандарды жұмыссыз
Қалдырарсың, қарағым, -
Дедім күліп. Бірақ қыздың байсалды
Әзіл сөзі маған біраз ой салды.
Дүниеге қан тамырдай тарайтын
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қарайтын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
Қай кезде де сұлулықтың жолы - мұз.
Әйел біздің әзиз байлық қорымыз.
Әйел біздің тағдырымыз,
Тағдырымыз болған соң
Белгілі ғой, бағымыз не сорымыз.
Хас сұлулық әлсіздердің қызғанышын маздатқан,
Ал қызғаныш құрды деп кім айта алады аз қақпан.
Бір әйелге бола кейде ел менен ел жауласып,
Жер жастанған боздақтар.
Оған куә анау төбе томпиған
Анау шындар құлақтары қалқиған.
Сан ұрпаққа тұлға болған ақындар
Бір әйелдің намысы үшін жан қиған.
Мағынасыз жылтырақты сақтамайды ел еске.
Жалын болып жылу болмау,
Әйел болып сұлу болмау
Табиғатты алдаумен тең емес пе?
Гүлзар әйел қауымына сұлулықсыз бақ қайда,
Шын сұлулық тереңдікте жатпай ма?
Қайырлатқан кемесін талай ердің
Саяз көлге шашылмағай шұғылаң.
Тереңдігі жоқ әйелдің
Қорқу керек сыртқы сұлулығынан.
Әйел - еркек намысының қорғаны.
Нағыз сұлу әйел табу -
Бүкіл еркек атаулының арманы. -
Нағыз сұлу әйел үшін қажет кезде жан қию,
Бұл - жігіттік кодекстің жазылмаған тармағы.
Бірақ, бірақ талайлардың бақыты алыс, сорынан,
Бұл кез келген бөріктінің келе бермес қолынан.
Ерлік семсе азаматтық семеді.
Үлкен ерлік үлкен күшке келеді.
Маған ғашық бір әйел бар.
Ол әйел
Менде сондай күш барына сенеді!



Ұқсас жұмыстар

Бөлімдер атауы Құрылымдық бөлімдердің атқаратын қызметтері
«Жүсіп – Зылиха» дастаны
Түс көру мотивінің түзілуі
Қазақ мифологиясы. Алғашқы философиялық түсiнiктер
Әзиз Несин әңгімелерінің қазақша тәржімасы
Сөйлеу мәдениетінің ғылымдағы рөлі
Қазақ қаһармандық эпосының тарихилығы және көркемдік ерекшеліктер
Сауд Арабиясы
Үмбетей жырау шығармашылығы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Көшпелі қазақ өркениетіндегі отбасылық қатынастарды реттеу және әйел құқығының мәртебесі
Этноцентризм және әйелдер
Денсаулық – зор байлық
Әйел - әлем тірегі
ӘЙЕЛ БАҚЫТЫ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ
Бартолинит (bartholіnіtіs) - әйелдің қынап сағасындағы үлкен бездердің (бартолин бездерінің) қабынуы
Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар
Жас әйелдің бауырында бесік
Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды
Әйел - адамзаттың анасы