Рахмет сізге
Іс-шара тақырыбы
«Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасы
Мақсаты
- Өзге ұлт оқушыларының сөздік қорын молайту, мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.
- Тәуелсіз еліміздің тарихына сүйіспеншілік пен құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Бағдарламаның барысы
Кіріспе
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті «Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасының көрермендері!
2-жүргізуші: Қайырлы таң, достар! Әдеттегідей «Оянайық» айдары.
Екеуі: «Дені саудың – жаны сау» деген ұранмен жаттығуымызды бастайық!
Жаңалықтар
1-жүргізуші: Еліміздегі жаңалықтар: Тәуелсіздігімізді мерекелеу аясында барлық білім ошақтарында түрлі іс-шаралар өтуде.
2-жүргізуші: Бүгін сіздер тікелей эфирде 20 сұрақтан тұратын викторинамызға қатыса аласыздар.
Тікелей эфир: 20 сұрақтық викторина
Сұрақтар экранда көрсетіледі. Дұрыс жауаптарыңызды 5 минут ішінде 2323 нөміріне SMS арқылы жіберіңіздер. Бірінші әрі дұрыс жауап берген көрермен сыйлыққа ие болады.
Сыйлық
Кітап
- 1. Қазақстан Республикасының астанасы
- 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- 3. Қазақстан Республикасының Президенті
- 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
- 5. Халық саны
- 6. Ұлт саны
- 7. Мемлекеттік тудың түсі
- 8. Мемлекеттік әнұран сөзінің авторлары
- 9. Қазақстандағы қала саны
- 10. Қазақстанның жер көлемі бойынша алатын орны
- 11. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жасы
- 12. Тәуелсіз Қазақстанның туған жылы
- 13. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы
- 14. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
- 15. Мемлекеттік мерекелер
- 16. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аталып өткен жыл
- 17. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер
- 18. Біздің Отанымыз
- 19. Петропавл қаласының әкімі
- 20. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Эфир үзілісі: жарнама
1-жүргізуші: Ал қазір эфирімізде жарнама. Экрандарыңыздан алыстамаңыздар.
Кітапханашының хабарландыруы
Егер қазақша сөйлегілеріңіз келсе, біздің кітапханаға келіңіздер.
Кітапханамызда көркем әдебиет, оқулықтар мен сөздіктер бар. Барлық кітап, оқулық және сөздік тегін беріледі.
Мекенжайымыз: Мир көшесі, 272-үй.
Электрондық мекенжай: ...................
Сіздерді күтеміз!
Сұхбат: мерекелік қонақ
Бүгін студиямыздың қонағы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткен 2011 жылғы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауының қатысушысы, алғыс хат иегері.
Танысу
1-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? Өзіңізді таныстырып өтсеңіз.
Қонақ: (Өзін таныстырады.)
Ақ тілегіңіз
2-жүргізуші: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елімізге және қазақ тілінде сөйлегісі келетін жандарға не айтар едіңіз?
Қонақ: Еліміздің тәуелсіздігі баянды болсын! Баршаңызға денсаулық пен бақыт тілеймін.
1-жүргізуші: Әңгімеңізге рахмет. Сау болыңыз!
Тікелей эфир: «Ақ тілек» айдары
Тілші: Қайырлы күн! Тәуелсіздік – таусылмайтын жыр, әлдилеген ән. Әр халықтың санасында ең қастерлі ұғым болса, ол – тәуелсіздік, яғни елдің елдігіне деген мақтаныш. Осыған орай тұрғындардан «Мерекеде елімізге не тілейсіз?» деп сұрадық.
1-құттықтау
Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болсын! Елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнасын!
2-құттықтау
Қазақстан – ортақ жетістігіміз, ортақ мақтанышымыз! Әрдайым алар асуымыз биік болсын. Жыл сайын Тәуелсіздік тойын жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен қарсы алайық. Қазақстан тәуелсіздігі жасасын!
3-құттықтау (өлең)
Егеменді ел болдық, ерік келді халыққа,
Қасиетті көк туым, шарықтай бер, шарықта!
Егеменді ел болдық, сөзін ашық жеткізген,
Қилы-қилы кезеңдерді өз басынан өткізген.
Егеменді ел болдық, сыр шертетін жүректен,
Бір болайық бәріміз, бейбітшілік тілекпен.
Викторина нәтижесі
2-жүргізуші: Алло… «Қазақша сөйлегім келеді» бағдарламасы. Сіз викторинамыздың жеңімпазы болдыңыз! Құттықтаймыз!
Сыйлығыңызды кейін студиямызға келіп ала аласыз.
Музыкалық үзіліс
Тілші: Тілектеріңізге рахмет. Енді әсем әнге кезек берейік.
Ән
«Туған жер»
Қорытынды
1-жүргізуші: Құрметті көрермендер, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!