Электронды тест

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы

Қарауыл гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кунафина Меруерт Нуржановна

Сабақтың тақырыбы

Паскаль программалау тіліндегі шартты оператор

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру.
  • Тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру.
  • Теориялық білімді тәжірибе жүзінде жүйелі түрде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Программалау тілінде жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
  • Ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Өз білімін сауатты әрі нақты жеткізе білуге үйрету.
  • Пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру.
  • Компьютерлік сауаттылыққа баулу.
  • Өзара көмектесуге және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
  • Өзін-өзі бағалау мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі

Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы.
  • Электронды тест.

Көрнекіліктер

Компьютер Проектор Презентациялар Деңгейлік тапсырмалар Оқулық Электронды тест

Пәнаралық байланыс

Математика, геометрия, физика.

Сабақтың жоспары

  1. Ұйымдастыру
  2. Қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Оқушыларды бағалау
  6. Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ: шартты оператор

Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігінің арқасында әлемге тез таралды. Қазіргі кезде көптеген дербес компьютерлерде осы тілмен жұмыс істеуге болады.

Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қателерді түзету салыстырмалы түрде оңай.

Тармақталған алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторларды қолданамыз. Бұл операторлар шартқа байланысты әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.