Асық ату

Ақтөбе облысы · Алға ауданы · №3 Алға қазақ орта мектебі

Математика пәні мұғалімі: Туребекова Жаңылсын Барсаевна

Математикалық марафон: 6-сыныптар арасындағы интеллектуалдық сайыс

Қысқаша мәлімет

Форматы
Кластан тыс іс-шара, сайыс (6-сыныптар)
Көрнекілік
PowerPoint презентациясы, математиктер мен ойшылдардың нақыл сөздері, топ атауы жазылған үстелдік табличкалар

Мақсаты

  • Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Зеректік, тапқырлық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Шапшаңдыққа, алғырлыққа, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  • Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, зейінді тұлғаны қалыптастыру.

Математика туралы нақыл сөздер

«Арифметика — математиканың, ал математика — ғылымдардың патшасы.»
К. Гаусс
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика.»
М. В. Ломоносов
«Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы әрі оларға пайдалы да, қажет те.»
Р. Бэкон

Сайыстың барысы

  1. I бөлім

    Асық ату

  2. II бөлім

    Бәйге

  3. III бөлім

    Жекпе-жек

  4. IV бөлім

    Теңге алу

Сайыс соңында қорытынды жасалып, жеңімпаздар анықталады.

Кіріспе (жүргізуші сөзі)

Мінекей, залда тыныштық — естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, кешіккенді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы — математика жайында «Математикалық марафон» атты ойынымызды бастаймыз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және математика жанкүйерлері! Бүгінгі «Математикалық марафон» атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Енді сайысқа қатысатын топтармен таныс болайық. (Әр топ өзін қысқаша таныстырады.)

Қатысушы топтар

  • Оң сандар тобы

    6 «А» сыныбы

  • Теріс сандар тобы

    6 «Ә» сыныбы

  • Қарама-қарсы сандар тобы

    6 «Б» сыныбы

  • Кері сандар тобы

    6 «В» сыныбы

Есепші-операторлар: 9-сыныптың озат оқушылары.

Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік — жеткізер сіздей өренді жеңістің биік шыңына.

Сайыскерлерімізге сәт сапар тілейміз!

I бөлім — «Асық ату»

Ереже

Әр топқа 5 сұрақ қойылады.

Бағалау

Әр дұрыс жауап — 1 асық, яғни 5 ұпай. Барлығы: 25 ұпай.

Қосымша мүмкіндік

Жауап берілмесе, қалақшаны бірінші көтерген қарсы топ жауап береді. Дұрыс болса, ұпай сол топқа беріледі.

Тапсырма таңдауы

Әр топ өзіне бір фигураны таңдап, сол фигураға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Үшбұрыш

  • Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен не өзгермейді?

    Қосынды өзгермейді.

  • Жай бөлшектерді қалай көбейтеміз?

    Алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз.

  • Пропорция дегеніміз не?

    Екі қатынастың теңдігі.

  • Координаталық түзу дегеніміз не?

    Санақ басы, бірлік кесіндісі және оң бағыты көрсетілген түзу.

  • Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан?

    0 саны.

Шаршы

  • Кез келген санның нөлмен қосындысы неге тең?

    Сол санның өзіне тең.

  • Бүтін сандар жиынына қандай сандар жатады?

    0 саны, натурал сандар және қарама-қарсы сандар.

  • Жай бөлшекті жай бөлшекке қалай бөлеміз?

    Бірінші бөлшекті екінші бөлшектің кері шамасына көбейтеміз (алымы мен бөлімін ауыстырамыз).

  • Оң санның модулі неге тең?

    Сол санның өзіне тең.

  • Бұрыш дегеніміз не?

    Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура.

Дөңгелек

  • Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

    0-ге тең.

  • Оң сан мен теріс санның қайсысы үлкен?

    Оң сан үлкен.

  • Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

    Алдымен бұрыс бөлшекке айналдырып, содан соң алымын алымына, бөлімін бөліміне көбейтеміз.

  • Санның модулі дегеніміз не?

    Нүктенің санақ басынан қашықтығы.

  • Рационал сандар жиынына қандай сандар жатады?

    Бүтін сандар және бөлшек сандар.

Тіктөртбұрыш

  • Екі теріс санның қосындысы қандай сан?

    Теріс сан.

  • Шаманың жүзден бір бөлігі қалай аталады?

    Пайыз.

  • Таңбалары әртүрлі екі сан қалай қосылады?

    Модулі үлкенінен модулі кішісін азайтып, модулі үлкен санның таңбасын қоямыз.

  • Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

    Санау үшін қолданылатын сандар.

  • Бұрыштың түрлерін ата.

    Сүйір, доғал, тік, жазыңқы, толық.

II бөлім — «Бәйге»

Тапсырма

Тест тапсырмалары беріледі. Әр топ жауап парағына дұрыс нұсқасын жазады.

Ұпай және уақыт

Әр дұрыс жауап — 5 ұпай. Уақыт — 2 минут.

Қорытынды

«Математикалық марафон» — білімді шыңдап қана қоймай, бірлік пен ұйымшылдықты арттыратын әсерлі сайыс. Әділ бағалау, шапшаң жауап және дәлелді ой — осы ойынның негізгі тіректері.