Қыс кереметі Білім беру саласы
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Қыс кереметі
Білім беру салалары
- Қатынас
- Таным
- Шығармашылық
Білім беру бөлімдері
Тіл дамыту; Қ. М. Ұ. Қ.; сурет салу
Сабақтың түрі мен әдістері
Түрі: аралас
Әдістері: түсіндіру, серуен, «Раунд-Робин»
Көрнекіліктер
- Тақырыптық суреттер (электронды)
- Қысқы орман көрінісі
- Сурет салуға қажетті құрал-жабдықтар
Мақсаты
1) Білімді бекіту
Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
2) Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілеттерін және сөйлеу тілін дамыту.
3) Тәрбиелік
Эстетикалық тәрбие беру, шығармашылыққа баулу.
Сабақ барысы
I. Мотивациялық-қызықтыру кезеңі
Тәрбиешінің әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
Арайланып таң атты,
Алтын шапақ таратты.
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Сіздерді көргеніме қуаныштымын.
Балалардың әрекеті
Балалар орындарынан тұрып, өлеңді қимыл-қозғалыспен бірге орындайды.
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай.
- Қане, айларды санап, ретімен атайық.
-
- Желтоқсан
- Қаңтар
- Ақпан
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Салқын болады.
- Тағы қандай өзгерістер болады?
- Балалар суреттерге қарап, қыста болатын өзгерістерді атайды.
- Көктемде немесе жазда қар жауа ма?
- Жоқ, жаумайды.
- Қар қай кезде ғана жауады?
- Қыс мезгілінде.
Қорытынды: Балалар, көрдіңдер ме, бұл да қыстың бір кереметі. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы — «Қыс кереметі».
II. Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Оқиға желісі
Осы сәтте есік қағылып, қолында сиқырлы таяғы бар Қыс ханшайымы келеді. Балалар қызығушылықпен назар аударады.
Қыс ханшайымының сөзі
«Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Сіздердің мен туралы айтқандарыңызды естіп едім. Қыс мезгілі туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ал қысқа қатысты қандай болжамдарды білесіңдер?»
Болжамдар (халық даналығы)
-
Ринат: «Қыс аязды болса, жаз ыстық болады».
-
Меруерт: «Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады».
Қыс ханшайымы: «Жарайсыңдар, балалар! Ал мына жұмбақты шеше аласыңдар ма?»
Жұмбақ: «Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады. Ол не?»
Жауабы: Аяз.
Орманға саяхат
Тәрбиешінің ұсынысы
«Қыс ханшайымы, біз орманға барып қыстың кереметін тамашалағымыз келеді. Солай ма, балалар?»
Балалар: «Иә, солай».
Сиқырлы сәт
Қыс ханшайымы: «Жарайды, онда бәріміз орманға барайық. Мен сендерге сиқырлы таяғыммен қанат бітірейін».
Балалар «ұшып», қыстық орманға «жетеді» де, табиғатты тамашалайды.
Орманда балалар бұтақта отырған тиінді көреді.
Тәрбиеші: «Балалар, мынау қандай аң?»
Балалар: «Тиін».
Тәрбиеші: «Тиін туралы кім тақпақ біледі?»