Автор туралы ұғым беру

Пәні: Ана тілі (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Әбіш Кекілбаев — «Тасбақаның шөбі»

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну.

Сабақтың міндеттері

  1. Бірлесе әрекет жасау арқылы әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсіну.
  2. Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеуге жетелеу; ой-өрісті дамыта отырып, ырымдарды салыстыру, зерттеу, қолдану және бағалауға машықтандыру.
  3. Топта өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  1. Әңгіменің мазмұны мен негізгі ойын түсінеді.
  2. Ой-өрісін дамыта отырып, ырымдарды салыстырады, зерттейді, қолданады және бағалауға дағдыланады.
  3. Топта өз ойын, пікірін айта біледі; халқымыздың ырым-тыйым сөздерінің мағынасын ұғынып өседі.

Қолданылатын құралдар

Көрнекіліктер

  • Тасбақа (макет/сурет)
  • Автор туралы мәлімет
  • Жан-жануарларға байланысты ырымдар
  • Тірек сызбалар

Техникалық жабдық

  • Интерактивті тақта
  • Бейнетаспа/бейнематериал

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа біріктіру, жұмыс ережесін еске түсіру.

II. Негізгі бөлім

I бөлім: «Ізденген жетер мұратқа»

Оқушылардың өз бетінше іздену жұмыстарының нәтижесін қорғау.

1-қатар

Тасбақаның түрлері

2-қатар

Тасбақаның тіршілігі

3-қатар

Тасбақаның пайдасы

II бөлім: «Білгенге маржан»

1) Математикалық сөзжұмбақ

Шешуі: «Тасбақаның шөбі»

2) Жаңа мәтінмен танысу

Бүгін біз белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» мәтінімен танысамыз.

А) Автор туралы қысқаша мәлімет

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті жазушысы әрі қоғам қайраткері. 2009 жылы 70 жылдық мерейтойы аталып өтті. Елбасы өз қолымен «Еңбек Ері» жұлдызын тапсырғаны айтылады. Тұңғыш өлеңдер жинағы — «Алтын шуақ». Шығармаларының қатарында «Бір шөкім бұлт», «Үркер», «Дала балладалары» және басқа да роман, повестері бар.

Б) Тақырыппен жұмыс

  • Тақырыпты оқу және түсіндіру.
  • Мәтінді оқушыларға оқыту.
  • Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын пысықтау.
  • Сөздік жұмысы.

Көсік

Далада, құмдақ жерде өсетін сәбіз тәрізді жабайы өсімдік.

Кібіртік

Тоқтап, сүрініп жүру.

Мимырт

Жай жүру, шабан қимыл.

3) «Сен білесің бе?» — халық тәжірибесі мен ырым

Бабаларымыз ұрпағына «Сәуір болмай, тәуір болмайды» деген нақыл қалдырған. Шын мәнінде көктемнің лебі осы кезден бастап сезіледі: күн күркірейді, көк жүзінде бұлт айналып, найзағай ойнайды, жел көтеріледі. Бұл — сәуірдің «қара жаңбырын» күтетін шақ.

Құбыладан соққан қызыл жел осы айда оқтын-оқтын жаңбырмен алмасып отырады. «Жазғытұрғы жел жардай атанды жығады» деген сөз де бар. Сәуірдің үшінші онкүндігінде күшейе соғатын осы желді халық «тасбақаның дауылы» деп атаған. Өйткені қыстай жер астында ұйқыға кеткен тасбақа дәл осы кезде жер бетіне шығады.

Бақылау белгісі (ырым):

Егер тасбақаның үстіне жабысқан ылғалды топырақ көп болса, ол жыл ылғалы мол болады деп жорамалдайды.

Қазақ халқы ырым сөздерге сенім артып, жақсыны үнемі ырымдап отырған. Тасбақа шөппен қоректенеді. Кейде тасбақа жер бетіне шыққанда аузына шөп тістеп шығуы мүмкін. Сәті түсіп, соны көріп, шөбін алған адамның жолы болады, ойлаған ойы орындалады деп ырымдаған.