Сабақтың көрнекіліктігі

Сабақ жоспары

Қазақтың ұлттық би өнері. «Айгөлек» (Б. Байқадамов)

Бұл сабақта балалар қазақ халқының ұлттық би өнерімен танысып, ән мен қимылды үйлестіре орындаудың негізгі қырларын меңгереді. Негізгі назар — ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты құрметтеуге және өнерге қызығушылықты арттыруға бағытталады.

Сабақтың мақсаты

Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын балалардың бойына сіңіру, ұлттық өнерге құрмет қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні

Болашақ ұрпақты білімді, өнерлі, өнегелі болып өсуге тәрбиелеу; ұлттық өнерді қадірлеу арқылы адамгершілік қасиеттерін нығайту.

Дамытушылық мәні

Ұлттық өнерге қызығушылықты арттырып, балалардың шығармашылық қабілетін, ырғақ сезімін және сахналық мәдениетін дамыту.

Көрнекілік пен құралдар

  • Интерактивті тақта, слайдтар
  • Баян аспабы, сөзжұмбақтар

Сабақтың құрылымы

  1. I Ұйымдастыру
  2. II Үй тапсырмасын сұрау
  3. III Жаңа сабақ
  4. IV Музыка тыңдау
  5. V Сабақты қорытындылау
  6. VI Үйге тапсырма беру

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Музыка сабағына назар аударту, көңіл күй қалыптастыру.

Үй тапсырмасы

Үйге «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбы берілді. Тапсырма бойынша үш қатар ұлттық ойындардан дайындалып келеді. Үй жұмысы тыңдалып, бағаланады.

Талқылау сұрақтары

  • Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?
  • Ұлттық ойындар көбіне қай кезде ойналады?
  • Ұлттық ойындардың пайдасы қандай?
Көрнекілік: сұрақтарға байланысты слайдтар көрсетіледі.

Жаңа сабақ: ұлттық би туралы түсінік

Әр халықтың өзіне тән ұлттық биі болады: қазақ биі, орыс биі, тау халықтарының билері және басқа да түрлері. Би — бұл музыка ырғағын қимыл-қозғалыс арқылы бейнелеп, көңіл күй мен образды жеткізетін өнер.

Негізгі ұғым

Би өнерін орындайтын адам қалай аталады?

Жауабы: биші.

Ескерту

Әр ұлттың биі болғандықтан, сол биді дәріптейтін өз бишілері де болады. (Слайд көрсету ұсынылады.)

Қазақ биінің тұлғалары

Шара Жиенқұлова

Қазақ би өнерінің негізін қалаушылардың бірі, «би падишасы» атанған Шара Жиенқұлова — сахна мәдениетінің биік үлгісін көрсеткен дара тұлға. Ол тек қазақ биін ғана емес, өзбек, башқұрт, жапон, орыс, куба және басқа да халықтардың билерін орындаған.

Өнерпаздық ерекшелігі

Шара қай халықтың биін билесе, сол ұлттың образын мимикасы мен сахналық болмысы арқылы нанымды жеткізе алған.

Шәкірттері

  • Г. Талпақова
  • Б. Аюханов
  • Қ. Қарабалина және т.б.

Сахналық еңбектері

Ол бірқатар опералық қойылымдарға қатысқан: «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Амангелді», «Бекет» және т.б.

Көрнекілік: Шара Жиенқұлованың фотосуреттері слайд арқылы көрсетіледі.

Шұғыла Сапарғалиқызы

Шара салған сара жолды жалғастырып келе жатқан өнер иелерінің бірі — Шұғыла Сапарғалиқызы. Ол Қытайдан елге оралғаннан кейін өнер мектебін ашып, көптеген шәкірт тәрбиелеген.

Көрнекілік: Шұғыла Сапарғалиқызының фотосуреттері ұсынылады.

Әсел Әлибекова

Шәкірттердің бірі — жерлесіміз Әсел Әлибекова. Ол жуырда Германияда өткен байқаудан күміс жүлдемен оралды.

Көрнекілік: Әсел Әлибекованың фотосуреттері көрсетіледі.

Қонақ сөз

Ауданымыздың би өнері жетекшісі Л. Тасмағамбетоваға сөз беріледі.

Ән үйрену: «Айгөлек»

Бүгін Б. Байқадамовтың балаларға арналған «Айгөлек» әнін үйренеміз. Әнді орындау барысында би қимылдарын қосып, ән мен қозғалыстың үйлесіміне назар аударамыз. Сабақта қысқа жаттығулар арқылы тыныс пен дыбыстауды реттейміз.

Сергіту сәті

«Айгөлек» әніне кіріспес бұрын, жаттығу ретінде И. Нүсіпбаевтың «Биші болам өскенде» әнін орындаймыз.

«Биші болам өскенде» (И. Нүсіпбаев)

Ақ көйлегім үстімде,

Би билесем «Айгөлек».

Қой демейді ешкім де,

Шаршамаймын дөңгелеп.

Достарым бар қуанып,

Тамашалар кештерде.

Тал шыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде.

Қорытынды және үй тапсырмасы

Қорытындылау

Ұлттық би өнерінің мәнін қайталап, сабақта үйренген қимыл-ырғақ үйлесімін бекітеміз. Белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Айгөлек» әнінің сөзін қайталау, ырғаққа сай қимылдарды жаттау және ұлттық би туралы қысқаша мәлімет дайындау.