Қайда жіп домалап бара жатыр екен байқайықшы

Сабақ тақырыбы: «Жұлдызқұрт»

Бұл сабақта балалар бірнеше бөліктен тұратын бейнені мүсіндеуді үйренеді: бүтінді бөлшектеу, бөлшектерді біріктіру және оларды белгілі орынға дәл орналастыру. Сонымен қатар жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы ерекшеліктері туралы түсініктері кеңейеді.

Мақсаты

  • Бірнеше бөліктен тұратын заттарды мүсіндеуді меңгерту.
  • Бүтінді бөлшектеу және бөліктерді біріктіру дағдысын қалыптастыру.
  • Әртүрлі көлемдегі бөлшектерді жасап, бір композицияға жинақтауға үйрету.
  • Ұқыптылыққа, тазалыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

жіп қалампыр спагетти қамыр таяқшалар майлықтар түрлі түсті қамыр

Негізгі ұғымдар

  • Қамыр құрамы: су, тұз, ұн, май, бояу.
  • Мүсіндеу тәсілі: алақан арасына салып жұмсартып, домалату және жаю.
  • Қосымша материалдарды қажеттілікке қарай қолдану.

Білу

Қамырдың негізгі құрамын және мүсіндеудегі қарапайым қимылдарды (домалату, алақан арасына салып жұмсарту) түсінеді.

Игеру

Бірнеше бөлшектен тұратын бейнені құрастырады: үлкенінен кішісіне дейін дөңгелек бөлшектер жасап, оларды біріктіріп, дұрыс орналастырады.

Меңгеру

Жәндіктердің тіршілігі мен сыртқы түрлері туралы білімін қолдана отырып, өз жұмысын дәлелдеп, сипаттай алады.

Сабақ барысы

Ояту: амандасу рәсімі

Бүгінгі сабаққа қонақтар келді. Балалар қонақтармен сыпайы амандасады.

Шаттық шеңбері

Менімен бол — жақсылығың, Толқынмен кетсін ауырлығың. Қайғы күндер болмасын, Жарқырай берсін нұрлы ойың.

Ғажайып сәт: «Сиқырлы жіп»

Тәрбиеші балаларға жіпті көрсетеді: бұл жай жіп емес — сиқырлы жіп. Жіп домалап барып ағаш түбіне «жеткендей» болады, ар жағынан сыбдыр естіледі. Балалар тыңдап, қорапшаны байқайды: ішінде жапырақтар және жұлдызқұрт бар.

Жұлдызқұрттың үні естіледі: «Мен жалғызбын… ағаларым мен апаларым, достарым қайда?»

Балалар жұлдызқұртқа көмектесуге келіседі: оған арнап достарын мүсіндеуге шешім қабылдайды.

Практикалық жұмыс: қамырдан жұлдызқұрт мүсіндеу

Дайындық

Балалар үстел үстіндегі материалдарды қарап шығады: ұн, тұз, май, су, бояулар және түрлі түсті қамыр.

Саусақ жаттығуы

Бала, бала, балақан, Қане, қайсы алақан? Саусақтарым — әйбат, Былай-былай ойнат!

Жасалу жолы

  1. 1 Қамырды алақанның арасына салып жұмсартып аламыз.
  2. 2 Қамырды екіге бөлеміз. Содан кейін бөлінген бөліктің бірін тағы да екіге бөлеміз.
  3. 3 Әр бөлікті домалатып, үш дөңгелек жасаймыз: үлкен, орта, кіші.
  4. 4 Ең үлкен дөңгелек — басы, ортаншысы — денесі, ең кішісі — құйрығы.
  5. 5 Көзін, мұртын, аяқтарын және тікенектерін қосымша материалдармен немесе қамырмен толықтырамыз.
  6. 6 Дайын жұлдызқұртты жапырақтың үстіне орналастырамыз.

Сұрақтар арқылы бекіту

  • Жұлдызқұрттың неше көзі болады?
  • Басына, денесіне, құйрығына қай бөлшек сәйкес келеді?

Балалардың жұмысына кері байланыс

Тәрбиеші әр баладан мүсіннің түсін және ерекшелігін сұрайды: «Жұлдызқұртың қандай түсті? Несі ұнайды?».

Қимылды ойын: «Қоңыздар мен өрмекшілер»

Ойын шарты

Тәрбиеші 1, 2, 3 деп санағанда, балалар «сиқырлы матаның» астына кіріп, қоңыздар мен өрмекшілерге айналады. Қайтадан матаның астына кіргенде, балалар өз қалпына келеді.

Қорытынды: достық шеңбері

Рефлексия сұрақтары

  • Сабақ ұнады ма?
  • Неге жұлдызқұртқа көмектестік?
  • Неден мүсіндедік?

Нәтиже

Балалар жұлдызқұрттың бейнесін бірнеше бөліктен құрастырып, бөлшектерді дұрыс ретпен біріктірді. Сабақ барысында олар ұқыптылық пен тазалықты сақтап, бір-біріне көмектесудің маңызын түсінді.