Мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация суретттер таңдау
Алматы қаласы
№15 гимназия, бастауыш сынып мұғалімі Мелдебекова Г. Р.
Сынып: 1-сынып
Сабақ тақырыбы: Аңдар
Оқу мақсаттары
- Хабарлама мазмұнын түсіну.
- Мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрацияларды таңдау.
- Сұрақ қоя білу және жауап беру: мұғалімнің көмегімен сурет бойынша қарапайым сұрақтарды (кім?, не?) қою.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Аңдардың атауларын біледі.
Оқушылардың көпшілігі
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Кейбір оқушылар
Сұраққа жауап беру кезінде және бағалауда өз пікірін білдіреді.
Жетістік критерийлері
- Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
- Суреттерді ретімен орналастыра алады.
- Сурет бойынша қарапайым сұрақ қоя алады.
Тілдік мақсаттар
Пән лексикасы мен терминология
Үй жануары, аңдар, жейді, балық, не?, саңырауқұлақ және т.б.
Мәтін талдауда қолданылатын тіркестер
- Бұл арыстан.
- Балық жейді.
- Орманда тұрады.
Алдыңғы білім
- Аңдар туралы жалпы мәлімет алған.
- Аңдардың қайда мекендейтінін біледі.
- Түстерімен таныс, сондай-ақ аңның үлкен немесе кіші екенін ажырата алады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы: қызығушылықты ояту
Мұғалім алдын ала дайындалған суреттерді 4 бөлікке бөліп, қиып қояды. Оқушылар қиылған бөліктерді таңдап алып, суретті құрастырады. Құрастырылған сурет бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Топ тапсырмасы
Әр топ өздеріне түскен аңның суретін анықтап, сол аң туралы білетін мәліметтерін айтады.
- 1-топ: Жолбарыс
- 2-топ: Қоян
- 3-топ: Кірпі
Сабақтың ортасы: мағынаны тану
Әр топқа үй жануарлары мен жабайы аңдардың суреттері және бос шеңбер үлгісі беріледі. Топ болып талқылай отырып, оқушылар шеңбердің жоғарғы бөлігіне үй жануарларын, төменгі бөлігіне жабайы аңдарды орналастырады.
Жетістік критерийі
Суреттерді дұрыс орналастырса — мақсатқа жетеді.
Бағалау: топаралық бағалау
Бір топ екінші топты бағалайды: дұрыс болса, неліктен дұрыс екенін түсіндіреді; қате болса, қатесін түзетіп, пікірін білдіреді.
Тапсырма 2: «Аңдар не жейді?»
Оқушылар сөздікпен танысады, содан кейін аңдар мен олардың қорегі бейнеленген суреттер арқылы талқылау жүргізеді. Топтан бір спикер таңдалып, сұрақтарға жауап береді.
Сөздік
- Жейді
- едят
- Бал
- мед
- Балық
- рыба
- Сәбіз
- морковь
- Ет
- мясо
- Саңырауқұлақ
- грибы
Бағалау
- Спикер дұрыс жауап берсе — смайликпен бағаланады.
- Жауап дұрыс болмаса, басқа топтың спикері жауап береді.
Жетістік критерийі
Топ 3 смайлик жинаса — мақсатқа жетеді.
Оқушы жинаған смайликтер санына қарай өзіне баға береді.
Сабақтың соңы: рефлексия
«Қандай аң?» әдісі: оқушыларға орман ішінде жасырынып тұрған аңдардың суреттері таратылады. Олар аңдарды тауып, атын атайды.